01 Маусым, 2016

Ынтымақтастықтың өзара сенімді сипаты

326 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2-10Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Фе­де­рациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесуде мемлекеттер басшылары кең ауқымды мәселелерді, атап айтқанда, екіжақты ынты­мақ­тас­тықтың басымдығы бар бағыт­тарын, сондай-ақ, Еуразиялық эко­­номикалық одақ аясындағы өза­ра іс-қимылдың жай-күйін тал­қылады. Қазақстан Президенті Ресей­дің ең жақын көршіміз, эконо­ми­калық және саяси тұрғыдан одақ­тасымыз әрі серіктесіміз екенін, солай болып қала беретінін атап өтті. – Біздің бірлесе жүргізген жұ­мыстарымыздың арқасында ТМД өмір сүріп келеді, Еуразиялық эко­но­микалық одақ құрылды. Күр­де­лі халықаралық жағдайларға қа­ра­­мастан, ол бүгінде қызметін жал­ғас­тыруда. Мәскеуде өткен Жеңіс күні мерекесіне шақырға­ныңыз үшін тағы да ризашылығымды біл­діремін. Биыл үлкен мерекелер бар – ТМД-ның құрылуының 25 жыл­дығы, сондай-ақ,  ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер тәуелсіздігінің мерей­тойлары, Ресей күні. Жалпы, біз­дің алдымызда ШЫҰ, ТМД мем­лекеттері басшыларының кеңесі, Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы, сондай-ақ, Петербург халықаралық эко­но­микалық форумы аясында тығыз кездесулер кестесі тұр. Осын­дай кездесулердің көптігі біздің елдеріміз арасындағы қарым-қа­ты­настың өзара сенімді сипаты бар екенін білдіреді. Талқы­лаулар арқылы біз кез келген мәсе­лені шешіп келеміз, бұл ынты­мақ­тастығымызды одан әрі дамытуға септігін тигізеді, – деді Мемлекет басшысы. 31-05-02Сондай-ақ, В.Путин 9 мамырда Мәскеуге сапармен келгені үшін Нұр­сұл­тан Назарбаевқа алғыс айтты. – Біз мұны айрықша қарым-қаты­на­сымыздың белгісі деп баға­лаймыз. Қазақстан – біз үшін жақын серіктес және ең сенім­ді одақтас. Арамызда берік эконо­ми­калық қарым-қатынас орныққан. Бұған дейінгі жылдарда Қазақстан экономикасы жақсы қарқын алып, оның дамуының іргелі негізі қаланды. Осының барлығы қазіргі қиындықтарды еңсеруге мүмкіндік береді. Еура­зиялық экономикалық одақтан біз ешқандай «ғажайып­тар» күт­пейміз, бірақ инте­гра­циялық өзара іс-қимыл бізге қазіргі қиын­дық­тарды жеңуге көмегін тигізеді, – деді Ресей Президенті. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ,