Ғалымдардың айтуынша, еліміздегі 150 мың ақбөкеннің қырылуына ауа райының өзгеріске ұшырауы және жұқпалы індеттің кең таралуы себеп болған. Биыл зерттеушілер «дала аруларының» мынадай қырылуларын олардың тыныс алу жолындағы қауіпті бактериялардың шамадан тыс көбейіп кетуінен көріп отыр. Мұны ғалымдар да құптады. Өйткені, ауа райының күрт өзгеріске ұшырауы, яғни қыстың қаттылығы мен көктемгі кездің дымқыл келуі жануарлар ағзасындағы теріс ауытқушылыққа негізгі себепші болады екен.
Ұлыбритания мамандарының айтуынша, жануарлардың қырылу эпидемиясы ауа температурасының күрт төмендеуінен және теңіз дауылы салдарынан орын алады. Шетелдік зоологтар сондай-ақ, киіктерде пастерелез ауруын алдын алуға бағытталған әдістер Қазақстанда жоқтың қасы дегенді алға тартады. Сонымен қатар, олар жануарларды егу жұмыстарының механизмі елімізде құрылмаған көрінеді.
Енді шетелдік ақпарат көздері дерегіне жүгінсек, 25 жылға жетпейтін уақыт ішінде браконьерлер әлемдегі киіктің 95 пайызына жуығын қырып жіберген екен. Осының салдарынан аталған жануарлар мүлде жойылып кетуге шақ қалып тұр. Бүгінде Қиыр Шығыстың дәрі-дәрмек нарығында киік мүйізінің бір грамы екі фунт стерлингтен сатылады.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың мамыр айында киіктердің жаппай қырылуы орын алған-ды. Осының салдарынан Қостанай, Ақтөбе және Ақмола облыстарының аумақтарында 150 мыңнан астам дала жануарының өлексесі табылған болатын. Бұл Қазақстан жерінде мекендеген барлық киіктердің тең жартысын құрайды.
Талғат РАЙЫМБЕК,
«Егемен Қазақстан»

Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды: Қанша пайдаланушы тіркелді?
Қаржы • Бүгін, 19:53
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 19:33
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25