02 Ақпан, 2011

Кәдесый көрмесі

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елордада «Мәдени Азиада» бағдарламасы аясында – «Сарыарқа» сауда орталығында Спорттық тауарлар мен кәдесый өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. Оны тамашалаушы жұртшылық спорттық киім үлгісінің сан түрімен танысып, ол жайында арнайы маман-сатушылардан кеңес алуда. «Азия спорт» дүкенінің сатушысы, көрмеге кәдесый­лар­мен келген Серік Матаев елімізде байрағы көтерілген Қысқы Азия ойындары отандық спортшыларға тың серпін береді деген сенімде екенін айта келе, бұл өтіп жатқан шара Ақ Азиа­даға деген ел құрметінің белгісі екенін жеткізді. Азиадаға арналған аталмыш шарада келген қонақтарға қолдарынан келгенше қолғабыс жасап елгезектік танытып жүрген еріктілерді де жолық­тырдық. Өздерін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттеріміз деп таныс­тырған Гүлжиһан Өзденбаева мен Зарина Асабаева еліміздің абыройын көтеретін дүбірлі додада қызмет көрсету үлкен бақыт дейді күлімсіреген қалыптары. Бұларға бөлінген жұмыс Азиадаға арналған түрлі мәдени шаралардың басы-қасында болып, оған келуші жұртқа жол көрсету екен. Біз олардың өз міндеттерін мінсіз атқарып жүр­ген­­дері­нің куәсі болдық. Осы ретте жан-тәндерімен беріле жұмыс жасап жүрген еріктілерге еріксіз риза боласың. «Мәдени Азиада» шеңберінде өткізіліп жатқан бұл шара 10 ақпанға дейін жалғаспақ. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.