VІІ Қысқы Азия ойындарының Астана мен Алматыда өтуі ел өміріндегі елеулі жаңалық. Оның үстіне төрт жылда өтетін дүбірлі жарыс Азия елдері ішінде тұңғыш рет тәуелсіздіктің 20 жылдығын атағалы отырған Қазақстанда болуы кез келген отандасымызды қуанышқа бөлейтіні сөзсіз. Азия ойындарының салтанатты ашылуына жасым 74-тен асып кетсе де кіндік қаным тамған Луговойдан арнайы келдім.
Бүкіл қазақстандықтар және шетелдіктер Азиаданың салтанатты ашылуын өз көздерімен көріп, ерекше тебіренгені сөзсіз. Еліміздің кешегісі мен бүгінгісінен терең сыр шертетін сахналық көрініс ерекше әсерлі өтті. Тіпті, бұл көріністен еліміздің небәрі 20 жыл ішінде талай асулар мен белестерден өткенін аңғартса керек. Мен де Азия ойындарының ашылу салтанаты кезінде ерекше тебірендім, келешекте де Қазақстанның атақ-даңқының асқақтай беретініне көз жеткіздім. Демек, өз жерімізде өтіп отырған Азиада да командалық есепте алғашқы үштіктен көрінсек, абырой болар еді.
Елбасы Н.Назарбаевтың ашылу салтанатында сөйлеген сөздері тәуелсіз Қазақстанның алар асуларының әлі биік екенін аңғартса керек. Ең соңында жеті бірдей айтулы азаматтарымыздың Азия ойындарының алауын жаққаны қандай әсерлі болды десеңізші. Жеті цифры жамбасымызға оң келеді. Демек, үштікті қойып, командалық есепте топ жарсақ, айып емес шығар. Ермахан – менің жетінші балам. Анасы екеуміз 10 баланы тәрбиелеп, өсірдік. Алау жаққан Ермаханымның ізбасарлары болашақта да көбейе берсе деген ойдамын.
Сағи ЫБЫРАЙЫМОВ, бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымовтың әкесі.
Суретте: Сағи ақсақал Азиаданың ашылу салтанатын тамашалап отыр.

Балуандар Медведьтің мемориалынан 14 медальмен оралды
Күрес • Бүгін, 00:34
Қамыстыдағы спорт кешеніне балуанның есімі берілсе...
Спорт • Бүгін, 00:20
Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай халықаралық симпозиум өтті
Қоғам • Бүгін, 00:15
Project Silica: Ақпаратты 10 мың жыл сақтайтын шыны
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Астанада бір қабатты автосервистің ғимаратынан өрт шықты
Елорда • Кеше
Атырау қаласын шаңды дауыл басып тұр
Аймақтар • Кеше