Египеттің вице-президенті Омар Сулейман кейбір оппозициялық партиялармен келіссөздер жургізуде, деп хабарлады «Маяк» радиосы CNN агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Ол ұлттық телеарна арқылы президент Хосни Мубарактің конституциялық реформалар бойынша жұмыстарды бастау жөнінде өзіне өтініш білдіргенін мәлімдеген. Ол реформалар жұмыссыздықпен, кедейшілікпен және коррупциямен күрес тәрізді бірінші кезекті міндеттерді қамтуы тиіс. Сол сияқты 1 ақпанда ел астанасы Каирде «миллиондар маршы» ұйымдастырылатынын да айта кету керек. Оның үстіне қарулы күштер өз халқына қарсы ешқашан оқ атпайды деген мәлімдеме де ереуілшілер сеніміне қанат бітіріп отыр.
САММИТ ӨТКІЗУГЕ ҚАРСЫ ЕМЕС
Оңтүстік Кореяның президенті Ли Мен Бак сейсенбі күні КХДР-мен екіжақты жоғары дәрежелі саммит өткізілуі мүмкін екенін хабарлады.
Ли Мен Бак Солтүстік Кореяны екі ел арасындағы шиеленісті бәсеңсіту үшін туып отырған осындай «жақсы мүмкіндікті» пайдаланып қалуға шақырды. Оңтүстік Кореяның қазіргі басшысы ешқашан КХДР-мен жақындасуды жақтаушы ретінде саналған емес, ол өз саясатын да сол тұрғыда құратын. Жоғарыдағы мәлімдеменің жұрт назарын өзіне аударып отыруының бір себебі де сол болса керек.
ПӘКСТАН ЯДРОЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ЕСЕЛЕЙ ТҮСТІ
Пәкстан соңғы жылдары өзінің ядролық арсеналын екі есе ұлғайтты, деп хабарлады Washington Post.
Соның нәтижесінде елдегі ядролық зарядттар саны 110-ға жеткен. Соның арқасында Исламабад өңірдегі өзінің дәстүрлі бәсекелесі – Үндістанды басып озған. «Пәкстан күрделі өңірде орналасқан, сондықтан өз қауіпсіздігі проблемасына әркезде де шынайы көзқарас танытатын болады», – деп мәлімдеді АҚШ-тағы Пәкстан елшілігінің өкілі, генерал Назир Батт. Сарапшыларды соңғы уақыттары ел ішіндегі тұрақсыздық жағдайында Исламабад өз ядролық арсеналының қауіпсіздігін қамтамасыз ете ала ма деген мәселе алаңдатуда.
РЕСЕЙДЕ 1 АҚПАННАН БАСТАП ЗЕЙНЕТАҚЫ ӨСПЕК
Ресейлік зейнеткерлердің еңбек зейнетақылары 2011 жылдың 1 ақпанынан бастап 8,8 пайызға индексацияланбақ. Соның нәтижесінде кәрілік бойынша берілетін еңбек зейнетақыларының орташа мөлшері 8 мың 498 рубльге жететін болады.
Ресейліктердің әлеуметтік зейнетақылары үстіміздегі жылдың сәуір және шілде айларында өсірілмек. 1 сәуірден бастап әлеуметтік зейнетақылар тауарлар мен қызметтер бағаларының өткен жылғы өсімін ескере отырып ұлғайтылса, 1 шілдеден бастап әлеуметтік зейнетақылар зейнеткерлердің 2010 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейлерінің өсу қарқынын ескере отырып индексацияланатын болады. Оның сыртында 1 сәуірден бастап 17 миллион ресейлік алатын ай сайынғы ақшалай төлемдер көлемі де өсірілмекші.
АҚШ НАЦИСТЕРДІ ЕЛДЕН ШЫҒАРМАҚШЫ
Детройттың миграциялық соты тегі украиналық, АҚШ-тың бұрынғы азаматы 88 жастағы Джон Калимонды Екінші дүниежүзілік соғыста нацистерге қызмет етті деген айыппен елден шығару жөнінде санкция берді.
Айыптаушылардың пайымдауларынша, Джон (бастапқы аты – Иван) Калимон 1942 жылдың мамырынан 1944 жылдың наурызына дейін Львовта полицияда қызмет еткен. Тергеушілер Калимон бейбіт азаматтарды, соның ішінде еврейлерді де өз қолымен атты және жазалау операцияларына қатысты деп есептейді. Айыпталушының қай елге шығарылатыны хабарланған жоқ. Ал айыпталушы болса, өз кінәларын мойындамай, тағылған айыптардың бәрінен бас тартып отыр, деп хабарлады «Новости» ақпарат агенттігі.
ЖАПОН ХАНЗАДАСЫН ҮЙЛЕНУ ТОЙЫНА ШАҚЫРДЫ
Жапонияның мұрагер ханзадасы Нарухито мен оның зайыбы Масаконың британ ханзадасы Уильям мен Кейт Миддлтонның 29 сәуірде өтетін үйлену тойына қатысуы мүмкін.
Өткен бейсенбі күні Ұлыбританияның Король сарайы Елизавета Екіншінің атынан Жапония императоры Акихито мен императорша Митиконы салтанатты рәсімге шақыруға бола ма дегенді білу үшін Жапонияның Император сарайы істері жөніндегі басқармасына өтініш білдірген. Дегенмен жапондық император отбасының бос уақытының жоқтығына байланысты Басқарма олардың орындарына мұрагер ханзада мен оның зайыбының баруы мәселесін ойласу жөнінде шешім қабылдапты.
ТЫҢШЫЛЫҒЫ ҮШІН ӨЛІМ ЖАЗАСЫНА КЕСІЛДІ
Дүйсенбі күні Сомалидің астанасы Магадишода елдің басым бөлігін бақылауда ұстап отырған «Әл-Шабааб» тобы АҚШ-тың тыңшысы болды деген айыппен бір ер адамды өлім жазасына кесті.
Судьяның айтуынша, 44 жастағы Ахмед Али Хасан соңғы 16 ай бойына АҚШ-тың орталық барлау басқармасына қызмет еткенін мойындаған. Сол сияқты оған қатысты «Әл Шабааб» күштеріне дұшпандық пиғылдағы адам деген де күмән туындаған. Оның сыртында дүйсенбі күні үкімет әскерлері мен полиция арасында болған қақтығыстан Магадишодан 16 адам қаза тапқан.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.
Оппозициямен келісімге келмек
Египеттің вице-президенті Омар Сулейман кейбір оппозициялық партиялармен келіссөздер жургізуде, деп хабарлады «Маяк» радиосы CNN агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Ол ұлттық телеарна арқылы президент Хосни Мубарактің конституциялық реформалар бойынша жұмыстарды бастау жөнінде өзіне өтініш білдіргенін мәлімдеген. Ол реформалар жұмыссыздықпен, кедейшілікпен және коррупциямен күрес тәрізді бірінші кезекті міндеттерді қамтуы тиіс. Сол сияқты 1 ақпанда ел астанасы Каирде «миллиондар маршы» ұйымдастырылатынын да айта кету керек. Оның үстіне қарулы күштер өз халқына қарсы ешқашан оқ атпайды деген мәлімдеме де ереуілшілер сеніміне қанат бітіріп отыр.
Саммит өткізуге қарсы емес
Оңтүстік Кореяның президенті Ли Мен Бак сейсенбі күні КХДР-мен екіжақты жоғары дәрежелі саммит өткізілуі мүмкін екенін хабарлады.
Ли Мен Бак Солтүстік Кореяны екі ел арасындағы шиеленісті бәсеңсіту үшін туып отырған осындай «жақсы мүмкіндікті» пайдаланып қалуға шақырды. Оңтүстік Кореяның қазіргі басшысы ешқашан КХДР-мен жақындасуды жақтаушы ретінде саналған емес, ол өз саясатын да сол тұрғыда құратын. Жоғарыдағы мәлімдеменің жұрт назарын өзіне аударып отыруының бір себебі де сол болса керек.
Пәкстан ядролық әлеуетін еселей түсті
Пәкстан соңғы жылдары өзінің ядролық арсеналын екі есе ұлғайтты, деп хабарлады Washington Post.
Соның нәтижесінде елдегі ядролық зарядттар саны 110-ға жеткен. Соның арқасында Исламабад өңірдегі өзінің дәстүрлі бәсекелесі – Үндістанды басып озған. «Пәкстан күрделі өңірде орналасқан, сондықтан өз қауіпсіздігі проблемасына әркезде де шынайы көзқарас танытатын болады», – деп мәлімдеді АҚШ-тағы Пәкстан елшілігінің өкілі, генерал Назир Батт. Сарапшыларды соңғы уақыттары ел ішіндегі тұрақсыздық жағдайында Исламабад өз ядролық арсеналының қауіпсіздігін қамтамасыз ете ала ма деген мәселе алаңдатуда.
Ресейде 1 ақпаннан бастап
зейнетақы өспек
Ресейлік зейнеткерлердің еңбек зейнетақылары 2011 жылдың 1 ақпанынан бастап 8,8 пайызға индексацияланбақ. Соның нәтижесінде кәрілік бойынша берілетін еңбек зейнетақыларының орташа мөлшері 8 мың 498 рубльге жететін болады.
Ресейліктердің әлеуметтік зейнетақылары үстіміздегі жылдың сәуір және шілде айларында өсірілмек. 1 сәуірден бастап әлеуметтік зейнетақылар тауарлар мен қызметтер бағаларының өткен жылғы өсімін ескере отырып ұлғайтылса, 1 шілдеден бастап әлеуметтік зейнетақылар зейнеткерлердің 2010 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейлерінің өсу қарқынын ескере отырып индексацияланатын болады. Оның сыртында 1 сәуірден бастап 17 миллион ресейлік алатын ай сайынғы ақшалай төлемдер көлемі де өсірілмекші.
АҚШ нацистерді елден шығармақшы
Детройттың миграциялық соты тегі украиналық, АҚШ-тың бұрынғы азаматы 88 жастағы Джон Калимонды Екінші дүниежүзілік соғыста нацистерге қызмет етті деген айыппен елден шығару жөнінде санкция берді.
Айыптаушылардың пайымдауларынша, Джон (бастапқы аты – Иван) Калимон 1942 жылдың мамырынан 1944 жылдың наурызына дейін Львовта полицияда қызмет еткен. Тергеушілер Калимон бейбіт азаматтарды, соның ішінде еврейлерді де өз қолымен атты және жазалау операцияларына қатысты деп есептейді. Айыпталушының қай елге шығарылатыны хабарланған жоқ. Ал айыпталушы болса, өз кінәларын мойындамай, тағылған айыптардың бәрінен бас тартып отыр, деп хабарлады «Новости» ақпарат агенттігі.
Жапон ханзадасын
үйлену тойына шақырды
Жапонияның мұрагер ханзадасы Нарухито мен оның зайыбы Масаконың британ ханзадасы Уильям мен Кейт Миддлтонның 29 сәуірде өтетін үйлену тойына қатысуы мүмкін.
Өткен бейсенбі күні Ұлыбританияның Король сарайы Елизавета Екіншінің атынан Жапония императоры Акихито мен императорша Митиконы салтанатты рәсімге шақыруға бола ма дегенді білу үшін Жапонияның Император сарайы істері жөніндегі басқармасына өтініш білдірген. Дегенмен жапондық император отбасының бос уақытының жоқтығына байланысты Басқарма олардың орындарына мұрагер ханзада мен оның зайыбының баруы мәселесін ойласу жөнінде шешім қабылдапты.
Тыңшылығы үшін өлім жазасына кесілді