03 Маусым, 2016

Ұлдары – әкесіне, қыздары – анасына

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Семейде бұрынғы ерлі-зайып­тылар ажырасқаннан кейін төрт баласының кімнің тәрбиесінде болатыны жөнінде бір-бірімен келісе алмай, сотқа жүгінген еді. Енді олар бір шешімге келіп отыр. Шығыс Қазақстан облысының №2 кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, қыздар – шешесімен, ұлдар әкесімен қалатын болды. Жасөспірімдер соты сот отыры­сына дайындық барысында тарап­тардың медиация жолымен өзара келісімге келгенін хабарлады. Нәтижесінде, бұрынғы ерлі-зайыпты жандар қыздарды – анасына, ұлдарды әкесіне қалдыру жөнінде шешім қа­былдауға келіскен. Осыған бай­ланысты, ата-аналар ба­ла­лардың бір-бірімен араласуына шектеу қоймауға келісіп, алимент төлемдерінен де босатылды. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан» СЕМЕЙ