02 Ақпан, 2011

Балалар Азия ойындарын тамашалайды

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана мен Теміртау қалаларындағы SOS балалар үйлерінің тәрбиеленушілері VII Қыс­қы Азия ойындарының жанкүйерлері болу ба­қытына кенелді. Азиаданың ашылу салта­натына қатысқан балалар енді елорда ста­диондарын аралап, жарыстарды тамаша­лайтын болады. Балалар үшін мұны тағдыр сыйы десе де болады. Олар мұндай қуанышқа «ENRC Қазақ­стан» компаниясының өзінің «ENRC-Көмек» қайырымдылық қорымен бірлесіп жүзеге асырған қайырымдылық шарасы арқасында қол жеткізіп отыр.  Аталмыш қор SOS балалар ауылындағы тәрбиелену­ші­лер үшін Азия ойындарына билеттер сатып әперді. Өмірде балаларға кейде ата-аналары да жасай алмайтын жақсылықтар жасап тұратын адамдар мен бүтіндей бір компа­ниялардың болғаны қандай ғанибет! Солардың арасында ENRC компаниясы осыдан біраз жыл бұрын қазақстандық үш SOS ауылын өз қамқорлығына алған болатын. Бүгінде әр үйде ин­тернетке жалғанған компьютерлердің болуы, балалардың жазда лагерьлерге барып демалып қайтуға мүмкіндік алуы соның арқасы. Бүлдіршіндердің қолдарынан шыққан озық деген туындылар конкурс арқылы іріктеліп алынып, компанияның корпоративтік ашық хаттарының сыртқы безендірілуі ретінде де пайдаланылуда. Балалар үйлері тәрбиеленушілері арасын­дағы кезекті көркемөнерпаздар байқауы алдағы Наурыз мерекесі күндері өтпекші. С.АЛМАСОВ.