03 Маусым, 2016

«Даму» салған даму жолы

294 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
«Даму» қорыБатыс Қазақстан облысында «Даму» қорының филиалы белсенді жұмыс жасайды. 2015 жылы өңірде 4,2 млрд. теңге сомаға барлығы 83 қаржыландыру шарттарына қол қойылды. Бағдарламаны іске асырудың басынан бас­тап қаржыландыру бойынша несиелік бейінді жалпы сомасы 50,2 млрд. теңгеге 471 жоба қолдау тапты. Екінші деңгейлі банктерде қаржыландыру кезінде кепіл­заттық қамсыздандыру жетіспеген жағдайларда, кәсіпкер аталған бағдарлама шеңберінде қордың кепілдігін пайдалана алады. Яғни, кәсіпкер банкте өз кепілзатының құнынан екі есе көп несие ала алады, ал жаңа бастап жүрген кәсіпкер несие сомасынан 85%-ға дейін мөлшерде қордың кепілдігін алуы мүмкін. 2011 жылдан бастап 98 кәсіпкер несиелік қоржынның жалпы сомасы 3,3 млрд. теңгеге кепілдендіру құралын пайдаланған, кепілдік сомасы – 1,3 млрд. теңге. 2015 жыл ішінде БҚО-да несие­лік қоржынның 1,5 млрд. теңге сомасына кепілдендіру бойынша 58 жоба мақұлданды, кепілдік сомасы – 552 млн. теңге. Мысалға, осы бағдарлама шеңберінде қаржылық қолдау алған, облыстағы жаңа бастап келе жатқан Start-Up жобалардың бірі – «Ашығалиев С.С.». ЖК құтыға құйылған ауыз су өндірісі бойынша желіні құру идеясын көптен бері ойластырған. 2014 жылы Сержан Ашығалиев, өндірістік цех құрылысына 0,15 га жер телімін алып, құрылыс жұ­мыстарын бастады. Құны шамамен 11 млн. теңге болатын жобаға қаражатты кәсіпкер «Сбер­банк России» АҚ-тан алды. Сонымен қатар, ол пайыздық мөл­шерлемеден 7% көлемінде мемлекеттен қар­жыландыру алды, сондай-ақ, оған кепілзат жетіс­пегендіктен, «Даму» қоры кепілгер ретінде болды. Қазір цех толық күшімен жұмыс істейді. Барлық құрылыс және дайындық жұмыстары аяқталды. Цех қажетті жабдық­тармен толық қамтылған. Өн­дірісте 5 адам жұмыс істейді. Бағдарлама сондай-ақ, іс үстін­дегі кәсіпкерлерге де табысты көмек береді. Олардың арасынан «Батыс НЫК» ЖШС атап өтуге болады, ол 2015 жылы кепіл­дендіру бағдарламасын және «Даму-Өндірісті» пайдаланды. 2015 жылы кәсіпкер «Дельта банк» АҚ-тан 430 млн. теңге көле­мінде қаржы алды. Сонымен бірге, кәсіпкер 80 млн. теңгеге «Даму» қорының кепілдігін алды. Мақсаты – Ақжайық ауданы­ның аумағында ет өңдеуші кешен қызметін ұйымдастыру. Бүгінде жоба құрылыс сатысында тұр. Пайдалануға берудің жоспарлы мерзімі 2016 жылғы маусым. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіп­керлікті қаржысыз қолдау шаралары да жүзеге асырылады, олар – кәсіпкерлерге ар­нал­ған оқыту бағдарламалары және іскерлік байланыстар. Мысалы, «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқы­ту» жобасы шетелдік оқыту орта­лықтарын тартумен «Назарбаев Университет» ААҚ бизнестің жо­ғары мектебі базасында оқытудан өтуге мүмкіндік береді. Оқыту тегін жүргізіледі. 2015 жыл ішінде аталған жоба бойынша шағын және орта бизнестің облыстағы 15 компаниясының басшылары оқытудан өтті. Ал 2 кезеңнен тұратын «Іскер­лік байланыстар» жобасы бойынша тегін негізде шетелдік және отандық бизнес-кеңесшілердің басшылығымен 10 күндік оқыту курсы және Германияда 4 апталық тағылымдама қарастырылған. Тағылымдама уақытындағы транс­­ферт және тұрғын-жай бо­йын­ша барлық шығындар рес­пуб­ликалық бюджет есебінен төленеді. 2015 жылы облыстың 14 кәсіп­кері Алматы және Астана қала­ларында 10 күндік оқыту курстарынан және 1 кәсіпкер аталған жобаның екінші кезеңі шеңберінде Германияда тағылымдамадан өтті. Тағы бір қызықты жоба – «Аға сеньорлар», ол компанияларға шетелдік сарапшылардың көмегін пайдалануға мүмкіндік береді. Шетелдік сарапшыларды тарту, жолына және қызметтеріне ақы төлеу шығындары республикалық бюджет есебінен жүзеге асады. 2013 жылғы желтоқсанда Орал қаласында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды, ол жаңадан бастап жатқан және іс үстіндегі кәсіпкерлерге бизнес ашу және жүргізу үшін барлық қажетті кеңестерді «бір терезе» режімінде алуға мүмкіндік береді. 2015 жыл ішінде орталықта жаңадан бастап жатқан және іс үстіндегі кәсіпкерлерге 4846 қызмет көрсетілді. «Өңірде кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде, кеңестер тек қалада ғана емес, сонымен бірге, облыс аудандарында да көрсетіледі. 2013 жылғы мамырда кәсіпкерлікті қолдаудың мобильді орталы­ғы өз жұмысын бастады. 2015 жыл ішінде мобильді орталық кеңесшісі облыс аудандарына 38 рет барды, 1500 кеңес берілді», дейді ба­тысқазақстан­дық «Даму» қорының директоры Ербол Иденов. Айтпақшы, 2015 жылы «Start-Up жобаларды оқыту» жобасы іске асырылды, ол жаңадан іс бастаған жас кәсіпкерлерге бизнес жүргізудің қыр-сырын игеруге көмектесті. 2015 жылы оқытудан кейін жаңадан іс бас­таған 10 жас кәсіпкер қазылар алқасының мүшелері алдында өз бизнес-идея­ларын ұсынды. Бұл байқауда Алмат Жұбанышқалиев «Тасқала кентіндегі металл бұ­йым­дарының өндірісі» бизнес-жобасымен жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, қор жанында мүм­кін­дігі шектеулі адамдарға көмек көрсету буыны бар, бұл «Даму-Кө­мек» бағдарламасы және «Жұл­дыз­дарға қара» – «Посмотри на звезды» қайырымдылық жоба­сы. «Даму» қоры тікелей қаржы­ландырмайды, бірақ осы адам­дарға көмек көрсетуге дайын демеушілер табуға көмектеседі. Ал «Жұлдыздарға қара» жобасы шеңберінде бизнес-идеялар байқауы өткізіледі, онда жеңім­паздар үшін «Қазкоммерцбанк» АҚ демеуші болады. Екі жоба да дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға сүйікті ісімен айна­лысу­ға және өз бизнесін ашуға мүмкіндік береді. 2015 жылы кәсіпкерлікті қар­жысыз қолдау мүмкіндіктерін кеңейтетін бірыңғай бағдарлама қабылданды. Оның шеңберінде кәсіпкерлерді оқыту бойынша жаңа бағыттар бекітілді. Осы жылы стартап-жобаларға баса көңіл бөлінбек. Яғни, бизнес-идея­сы бар кез келген адам қалауы бойынша «Дамуда» оқуға өтініш бере алады. Әлеуметтік-кәсіпкерлік кор­по­ра­циялар Президенттің 2007 жылғы 8 қазандағы Жар­лы­ғы не­гізінде құрылған, ол кәсіп­кер­лікті дамытудың бірегей инсти­тут­тары және мемлекет пен жеке сектордың (МЖС) аймақтағы бірлескен және өзара тиімді серіктестігі қа­ғи­даттарындағы мемлекеттік инвес­тициялық жобаларды іске асырудың жалғыз құралы болып табылады. Облыста ӘКК қатысуымен жалпы сомасы 14 млрд. теңге бо­латын 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылған, оның ішін­де 393 млн. теңге сомаға жер қой­науын пайдалану саласында 14 жоба бар, ӘКК тарапынан инвес­тициялау сомасы 821 млн. тең­гені құрады (оның ішінде, жер қойна­уын пайдалану саласындағы жоба­ларға инвестициялау 93 млн. теңге, АӨК-те 641 млн. теңге). 2015 жылдың басынан бас­тап «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ жалпы сомасы 29 млрд. теңгеге 7 инвестициялық жобаны іске асыруда. Көрсетілген кезеңде ӘКК аталған жобаларды іске асыруға 467 млн. теңгеден астам қаржы салды, 3,8 млрд. теңгеден астам жеке инвестициялар тартылды. «Қазақстан-2050» Стратегия­сында Президенттің Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосу жөнінде ұзақ мерзімді мақсат қойғаны белгі­лі. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін елдің инвестициялық тар­тымдылығын арттыру, шағын және орта бизнесті дамыту қажет. Жекешелендірудің екінші толқыны республика Үкіметі бе­кіткен, 2014-2016 жылдарға ар­налған жекешелендірудің кешенді жоспары шеңберінде жүзеге аса бастады. Осы шеңберде облыс боынша 2014 жылы үш коммуналдық меншік нысанындағы және «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ 2 нысанындағы мемлекеттік үлестер сатылды. 2016 жылы Үкіметтің 2016-2020 жылдарға арналған жекеше­лендірудің жаңа кешенді жоспары белгіленді және облыс әкімдігінің қаулысымен бәсекелестік ортаға бе­руге жататын коммуналдық мен­­шік нысандарының тізбесі ­бе­кі­тілді. Тізбеге сәйкес 12 ұйым бә­се­келестік ортаға берілетін бола­ды. Мүлікті заңдастыру аза­мат­тардың активтерін заңды эконо­ми­калық айналымға тарту бағыт­тарының бірі болып табылады. Мүлікті заңдастыру – бұл тұлға­ның жасырылған, не болмаса Қазақ­стан Республикасының заңна­масына сәйкес ресімделмеген немесе басқа адамның атына ресім­делген мүлікке деген құқықтарын мемлекеттің мойындау рәсімі. «Өткен кезеңде Орал қалалық және аудандар әкімдіктерінің жанындағы жергілікті комиссиялар 1,7 млрд. теңгеге, тиісті түрде ресімделмеген 235 жылжымайтын мүлік нысанын заңдастырды, оның ішінде тұрғын үй нысаны – 101, бос нысандар – 134», деп хабарлады экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан. Батыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық пат­риоттық идеясын белсенді түрде іске асыруда. «Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында 49 этномәдени бірлестік бар. Облыс аудандарында қазақ, орыс, татар, ұйғыр, корей, украин, неміс және белорусь орталықтары жұмыс істейді. Азаматтық негізде қазақстандық сәйкестікті және бірлікті нығайту және дамыту ҚХА мемлекеттік этносаясатты қалыптастыру бойынша қызметінің негізгі басымдықтары болып табылады», деп атап өтті облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Гайса Қапақов. 2016 жылы мәдениет саласын қаржыландыру сомасы 5,9 миллиард теңгені құрады. Еңбекке ақы төлеу жүйесінің жаңа үлгісін енгізумен байланысты, мәдениет және өнер қызметкерлерінің жалақысы салыстырмалы түрде 20%-дан 40%-ға дейін артты. 2015 жылы мәдениет ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 288 млн. теңге бағытталды.Бұл көрсеткіш 2014 жылмен са­лыстырғанда 139 млн. теңгеге көп, яғни 93% өсімді құрайды. «2015 жылы мұражайлар 375 іс-шара өткізілді, 2014 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 20 бірлікке көбейді. 265 мұражай көрмелері ресімделді, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 15 бірлікке көп. 6803 экскурсия жүргізілді. Мұражайға келушілер саны 2015 жылы 101514 адамды құрады, бұл 2014 жылға қарағанда 15490 адамға көп. Есепті жылы мұражай қорларына 3 млн.тең­геге 5612 жаңа экспонат сатып алынды», дейді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Даулеткерей Кусаинов. Мереке ТАҢАТАРОВ Батыс Қазақстан облысы