АСТАНА. 3 маусым. Қырғызстанның Ыстықкөл аймағында мектеп оқушысы күтпеген жерден марафонға қатысып, 21 шақырымды жүгіріп өтті. Бұл туралы nzl.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Run The Silk Road марафонына байланысты Бостери мен Темір елді мекендерінің арасындағы тас жол арнайы қоршалған. Жарыс басталғаннан кейін күтпеген жерден спортшылардың қатарына мектептің алтыншы сыныбында оқитын Бекжан Кармышаков есімді бала қосылған. Мектепте жейтін тамағын ол жол бойы желаяқтарға таратып берген. Осылайша ол 21 шақырымды жүгіріп өтті.
«Бәрі жүгіріп бара жатқан соң мен де қосыла жүгірдім. Анам мектепте жейсің деп маған тамақ салып берген. Жол бойы соның бәрін қатысушыларға таратып бердім. Мен таңертеңгісін күнде жүгіремін. Сондықтан маған мұндай қашықтықта жүгіру аса қиындық тудырмайды», – деді Бекжан Кармышаков.
Марафонды ұйымдастарушылар оған медаль мен диплом табыстады. Сонымен қатар, келесі марафонға тегін қатысу үшін арнайы сертификат қағазын сыйлады.
«Бекжан Кармышаковты Бішкектегі жеңіл атлетикадан спорт мектебіне шақырды. Осы жерде ол келесі марафонға қатысу үшін дайындықтан өтеді. Шыны керек, бәрімізді еріксіз таң қалдырды. Енді біз оны келесі іс-шараға қатысқанын қалаймыз», – деді ұйымдастырушы Нурлан Джумалиев.
Ал көпшілікті таң қалдырған Бекжан Кармышаков 42 шақырым болатын келесі марафонға міндетті түрде қатысатынын айтты.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: nzl.ru.
• 03 Маусым, 2016
Қырғызстанда мектеп оқушысы 21 шақырымды жүгіріп өтті

Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15
Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?
Қоғам • Бүгін, 16:01
Әлем • Бүгін, 15:52
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Қоғам • Бүгін, 15:45
TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?
Технология • Бүгін, 15:41
Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді
Ауа райы • Бүгін, 15:30
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Мемлекет басшысы Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05
Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03