АСТАНА. 3 маусым. Жапонияда әке-шешесі орманға әдейі тастап кеткен бала 6 күннен кейін аман-есен табылды. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жеті жасар бала әке-шешесі қалдырып кеткен жерден 5 шақырым қашықтықтағы әскери қызметкерлердің жаттығу алаңынан табылған. Мәліметтер бойынша, Ямато Танука есімді бүлдіршін жергілікті уақыт бойынша сағат 07:50 кезінде солдаттардың үйшігінде отырған.
Әскери қызметкерлердің бірі баланың көрпенің үстінде жатқанын мәлімдеді. Жауынгерлер қатты ашыққан баланы тамақ беріп әлдендірген. РИА «Новости» ақпарат агенттігі бүлдіршін арнайы тікұшақпен жергілікті ауруханалардың біріне жеткізілгенін хабарлады. Алдын ала мәліметтер бойынша қазір жағдайы бірқалыпты.
Ямато Танука үйшікке ата-анасы қалдырып кеткен күні кешке жақын ормандағы соқпақ жолмен жеткенін айтты.
Жапонияның қорғаныс күштері баланы іздеуге 1 маусым күні жұмылдырылған. Операция жұмыстарына 70-тен аса әскери қызметкер, 200 полицей мен еріктілер қатысқан. Олар Хоккайдо аралындағы орманды тінтіп шықты.
Алғашында ата-анасы өткен сенбі күні, 28 мамырда баланың өзі жоғалып кеткені туралы мәлімет берген. Алайда, артынан көлік пен адамдарға тас лақтырғаны үшін жаза ретінде орманға қалдырып кеткенін мойындады. Арада бірнеше минут өткеннен кейін сол орынға қайтып келген екеуі баланы орнынан таба алмаған.
Биліктегілер Тануканың қаза тапқандығынан қауіптенген. Оның үстінде жейдесі мен шалбары ғана бар болатын. Ал ол жер түнгі уақытта ауа температурасы 7 градусқа дейін төмендейді. Бұған қосымша 31 мамыр күні бұл аймақта толассыз жаңбыр жауған.
Аян Әбдуәли.
Дерек: lenta.ru
Фото: 24.kz.
• 03 Маусым, 2016
Әке-шешесі орманға тастап кеткен бала 6 күннен кейін табылды

Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15
Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?
Қоғам • Бүгін, 16:01
Әлем • Бүгін, 15:52
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Қоғам • Бүгін, 15:45
TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?
Технология • Бүгін, 15:41
Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді
Ауа райы • Бүгін, 15:30
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Мемлекет басшысы Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05
Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03