03 Маусым, 2016

Ақмола облысы ішкі істер департаментіне жаңа басшы келді

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

03-06-16-sadenov

КӨКШЕТАУ. 3 маусым. Бүгін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция полковнигі Сәденов Ержан Сапарбекұлы Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің бастығы болып тағайындалды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыстың жаңа бас полицейін департамент ұжымына Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-майоры Марат Демеуов таныстырды. Е. Сәденов Шығыс Қазақстан облысында туған. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, ҚР Қауіпсіздік комитеті Қарағанды мектебін бітірген. Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінде әртүрлі басшылық лауазымдарды атқарған, Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, Ішкі істер министрлігі қызметтерінің бірінде басшы болған. Ол жаңа тағайындауға дейін Ішкі істер министрлігіне қарасты көлік ішкі істер департаментінің бастығы болып келген. Бақберген Амалбек. Дерек, фото: Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің бастығы.