03 Маусым, 2016

Қарағанды облысының экс-әкімі 4 маусымда түрмеден шығады

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

03-06-16-abdyshev

АСТАНА. 3 маусым. Сенбі, 4 маусым күні Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевті шартты-мерзімінен бұрын босату туралы қаулы күшіне енеді. Бұл туралы «Новый вестник» ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. «Осы мәселені қараған сот отырысының өткеніне 15 күн болды», - делінген хабарламада. Мәлім болғандай, бүгін Бауыржан Түйтейұлы өзінің туған күнін атап өтіп жатыр. Ол 48 жасқа толып, кезекті мүшелін бастады. Айта кетуіміз керек, Бауыржан Әбдішев 2014 жылғы 23 қыркүйек күні ұсталған болатын. Ал 26 қыркүйекте қамауға алынды. Сол уақыттан бері бұрынғы әкім құлып астында 1 жыл, 8 ай және 12 күн отырды. Бұл уақыттарды ол уақытша ұстау оқшаулағышында және үкім шыққаннан кейін АК 159/1 колониясында өткізді. Қарағанды облысының экс-әкіміне қатысты үкім 2015 жылдың желтоқсан айында шықты. Оған жемқорлық сипатындағы қылмыстар жасады деген айып тағылды. Соның ішінде бизнеске заңсыз қатысқаны, кәсіпкерлікке кедергі келтіргені, қызмет жағдайын асыра пайдаланғаны айтылды. Сотталушы мұның бәрін мойындады. Осы қылмыстары үшін экс-әкімге дүние-мүліктерін тәркілеп, жалпы режімдегі колонияда 5 жыл отыру жазасы кесілді. Наурыз айында аппеляциялық алқа бұл вердиктті өзгертті. Оның жазасы 3 жыл түрмеде отыруға кемітілді. Соның соңынан мерзімінен бұрын түрмеден босатып, жазасын шартты негізге алмастыруға шешім қабылданды. Талғат Райымбек. Дерек, фото: Новый вестник.