04 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №4-3/269

367 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін
2015 жылғы 30 наурыз, Астана қаласы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларын бекіту туралы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі __________ Ә.Исекешев 2015 жылғы 19 маусым «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі __________ Е.Досаев 2015 жылғы 12 маусым «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі __________ Қ.Қасымов 2015 жылғы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269 бұйрығымен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткізу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзiрленді және тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол- құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды (бұдан әрі – машиналар) жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткізудің тәртiбiн айқындайды. 2. Машиналарды мемлекеттік техникалық қарап-тексеру (бұдан әрі – техникалық қарап-тексеру) – жергілікті атқарушы органдардың машиналардың техникалық жай-күйінің жол қозғалысының кауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі қызметі. 3. Жылына бір рет техникалық қарап-тексеруге, осы Қағидалардың 4-тармағына айқындалған машиналарды қоспағанда жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – иеленушілер) иелігіндегі және жергілікті атқарушы органдарда (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттік (уақытша) тіркеуде тұрған машиналар жатады. 4. Машиналарды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеру олардың техникалық жай-күйiн бағалау, олардың санын, тиесілілігін және басқа да тiркеу деректерін нақтылау, техникалық пайдалану және қауiпсiздiк техникасы қағидаларын өрескел бұзушылықтарды және жай-күйiне әсер ететін бұзылулардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында жүргiзiледi. 2. Машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізу тәртiбi 5. Техникалық қарап-тексеруден өткізуді ұйымдастыру үшін инженер-инспектор көктемгі-дала және жинау жұмыстарын ескере отырып, машиналарды жыл сайынғы техникалық қарап-тексеруден өткізу кестесін (бұдан әрі – кесте) жасайды, онда машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізу орны, күні және уақыты туралы мәліметтер болуы тиіс. Кестені облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО ауыл шаруашылығы басқармалары басшысы бекітеді. 6. ЖАО инженер-инспекторы машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей мерзімді баспа басылымдарында жариялау жолымен машина иелерін машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізуге ұсыну мерзімдері, шарттары мен тәртібі туралы хабардар етеді. 7. Техникалық қарап-тексеру көктемгі-дала және егін жинау жұмыстарын жүзеге асыратын машиналарды осындай жұмыстар басталар алдында машиналардың тікелей орналасқан жері бойынша кестеге сәйкес жүргізіледі. 8. Машиналарды техникалық қарап-тексеруді жүргізу үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай құжаттарды ұсынады: 1) жеке тұлға (не оның оның сенімхат бойынша өкілі): осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті; машинаны тiркеу құжаты (техникалық паспорт); 2) заңды тұлға (не оның оның сенімхат бойынша өкілі): осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті; машинаны тiркеу құжаты (техникалық паспорт); осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша машиналарды мемлекеттік техникалық қарап-тексеру актісіне (бұдан әрі – акт) енгізу үшін машиналар туралы мәліметтер (бұдан әрі – акт). 9. Машиналарды техникалық қарап-тексеруді ЖАО инженер-инспекторы машина иесінің немесе оған уәкілеттік берілген тұлғаның қатысуымен тіркеу пунктінде немесе машиналардың тікелей орналасқан жері бойынша 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізеді. 10. ЖАО инженер-инспекторы машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізген кезде: 1) машиналардың кiмге тиесiлi екенiн нақтылайды, машина, шасси, қозғалтқыш, рамасының, типінің, моделiнiң, шыға­рыл­ған жылының, зауыттық нөмiрiнiң және нөмiрлік белгiсiнiң тiркеу құжатында жазылған деректерге сәйкестiгiн тексередi; 2) машиналардың техникалық жай-күйін машиналарды мемлекеттік техникалық қарап-тексеруге қойылатын талаптарды регламенттейтін нормативтiк-техникалық құжаттарға сәйкестігін тексереді. 11. Агрегаттар мен механизмдер ажыратылмай, диагностикалық аспаптарды және басқа бақылау құралдары мен тәсiлдерiн пайдаланып тексерiледi. Тiркемелердiң техникалық жай-күйi тракторлық поездың құрамында тексерiледi (тарту-ілу құрылғысы мен тежегішті бұғатағыштың ақаусыздығын бақылау үшін). 12. Техникалық қарап-тексеруге қойылатын талаптарды регламенттейтін нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін машиналар техникалық қарап-тексеруден өтпеген болып саналады. 13. Шығарылғанына үш жыл толмаған жаңа машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізу тіркеу пункттерінде тіркелгеннен кейін алғашқы үш жыл ішінде бір рет олардың техникалық жай-күйін тексермей жүргізіледі. 14. Техникалық қарап-тексеруден өткен машиналарға тіркеу құжатына (техниқалық паспортына) «Ақаусыз» деген жазу жазылады, ал техникалық қарап-тексеруден өтпеген машиналарға «Ақаулы» деген жазу жазылады, ол ЖАО инженер-инспекторының қолымен және тіркеу пунктінің мөртабанымен расталады. 15. Тұрақты есепте тұрған жерiнен басқа өңірлерге 2 айдан астам мерзімге шыққан машиналар, уақытша болған жерінде техникалық қарап-тексеруден өткізуге ұсынылады. 3. Машиналарды техникалық қарап-тексеру нәтижелерiн ресiмдеу 16. Жеке тұлғалардың машиналарын техникалық қарап-тексеруден өткізу нәтижелері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізу журналына «Ақаусыз» деген жазба енгізумен ресімделеді. 17. Заңды тұлғалардың машиналарын техникалық қарап-тексеруден өткізу нәтижелерi актi мен екі данада ресiмделедi. Бiрiншi дана заңды тұлғаның өкiлiне берiледi, ал екiншiсi тіркеу пунктінде қалады. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларына 1-қосымша Нысан ______________________________________________________________________________ тіркеуші органның атауы _________________________________________________________________________________________________ Жеке тұлғаның ЖСН, қолы, тегі, аты, әкесінің аты(бар болса), / заңды тұлғаның БСН, орналасқан жері, атауы Өтініш Машинаны/ларды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзуді сұраймын ______________________________ ___________________________________________________________________________________________________ Өтініш берушінің қолы _____________ 201__ жылғы « ___ » _______ 201__ жылғы « ___ » _______ ____сағат____минутта қабылданды Инженер-инспектор ___________ ________________________________ Техникалық қарап-тексеруден_______________201__ жылғы « ___ » _______ өтті/өтпеді Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларына 2-қосымша Нысан Машиналарды мемлекеттiк техникалық байқау актiсі 20__ жылғы «___» ________ Мен,_________________________________________________________________ (жергілікті атқарушы орган атауы) инженер-инспекторы ___________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) _____________________________________________________________________________________________ бiрге (байкауға қатысушылардың, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) _________________________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) теңгерімінде тұрған машиналардың техникалық жай-күйiне байқау өткiздiм. Машиналарды техникалық жай-күйiн байқау кезiнде төмендегiлер анықталды: 1. Техникалық байқауға жалпы саны_________ бірлік төмендегi машиналар ұсынылды: (саны) Р/с № Машинаның атауы Мемлекеттік тіркеу нөмірі Шығарушы зауыттың реттік нөмірі Шығарыл­ған жылы Машинаның техника­лық өткендiгi туралы қорытынды машинаның (рамасының) қозғалтқыштың 1 2 3 4 5 6 7 Техникалық байқаудан _____________________________ бірлік машина өттi. (саны) Техникалық байқаудан _____________________________ бірлік машина өтпедi, оның (саны) iшiнде мына себептермен: техникалық ақауы бар ________________________________________ бірлік; (саны) мемлекеттік тіркеу деректеріне сәйкес келмейді___________________ бірлік; (саны) конструкциясының нормативтiк-техникалық құжаттамаларға сәйкес келмеуінен ___________________________________________ бірлік өтпедi. (саны) 2. ___________ машина техникалық жай-күйiн байқауға ұсынылмады: (саны) Р/с № Машинаның маркасы Мемлекеттiк тiркеу нөмірлік белгiсi Машиналарды мемлекеттік техникалық байқауға ұсынбау себептерi 1 2 3 4 Кәсіпорының, ұйымның басшысы _______________________________________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Бухгалтер (немесе есеп жүргiзушi тұлға) _________________________________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Инженер-инспектор ___________________________________________________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Машина иесі немесе оған уәкілеттік берілген тұлға: _____________________________________________________________________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларына 3-қосымша Нысан Машиналарды мемлекеттiк техникалық байқау ЖУРНАЛЫ Р/с № Байқау жүргi­зiл­ген күнi Машинаның атауы және маркасы Нөмiрлерi нөмiрлiк тіркеу белгiсi Иесiнiң (иеле­нушiнiң) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Техникалық жай-күйi тура­лы қорытынды (ақаулы, ақаусыз) Машина мен­шiк иесiнiң (иеленушiнiң) қолы Шасси және/немесе WIN (вин коды) қозғалт-қыштың 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 21 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11710 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар