* * *
«Президент Жолдауы жыл сайын ел болып елеңдеп күтетін маңызды құжатқа айналды. Биылғы Жолдаудың жөні де, жолы да өзгеше. Негізгі бағыт та, басымдық та жаңа әлеуметтік саясатты іске асыруға арналады. Елбасы ең маңызды 3 мемлекеттік бағдарламаға тоқталды. Ол – білім беру, денсаулық сақтау және тілдерді дамыту мәселелері. Бұлар біздің қаламыз үшін де айрықша маңызға ие екендігі белгілі. Ал Жолдау олардың дамып, өркендеуі үшін барлық жағдайды жасап отыр. Демек, алдымызда мемлекеттің тұғырын биік ұстауға бағытталған межелі міндеттер тұр. Ендігі жерде Елбасы Жолдауының әр тармағын тарқатып, тапсырмаларды тыңғылықты жүзеге асыру – баршамызға ортақ міндет». Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын талқылауға арналған актив отырысында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов осылай деп жиналған қауымға сөз арнады. Шаһар басшысы өз баяндамасында Елбасы Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі өңірлік жоспар қабылданғанын мәлімдеп, оның әр тармағын уақтылы орындау қажеттігін баса айтты. Отырыста мемлекеттік тілді пайдалануды сапалы, жаңа деңгейге көтеру мәселесіне айрықша назар аударылды. Қала әкімі 2017 жылы қазақ тілін меңгерген қала тұрғындарының үлесін 80 пайызға, 2020 жылы бұл көрсеткішті 95 пайызға дейін өсіру межесіне абыроймен жету қажеттігін атап айтты. Ал екінші кезекте 2013 жылы денсаулық сақтау саласына бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу нәтижелі аяқталуға тиіс екендігі, себебі, бұл халыққа көрсетілетін қызметтің, әсіресе, алғашқы медицина-санитарлық көмектің жоғары сапалы болуын қамтамасыз ететіні тілге тиек болды. Осыған байланысты И.Тасмағамбетов қаланың денсаулық сақтау басқармасына халықтың, ең алдымен балалар мен жасөспірімдердің, бала туу жасындағы әйелдердің денсаулық жағдайын қадағалаудың жаңа тетіктерін әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, Иманғали Нұрғалиұлы өзінің орынбасарлары Василий Крылов пен Аида Балаеваға және Қанат Сұлтанбековке Астананың әлеуметтік даму бағдарламасын бақылауға алу, қала экономикасының нақты секторын жандандыру бағдарламасын дайындау, қысқа мерзімде салалық жоспар әзірлеу жөнінде тапсырма берді. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ. Астана.Үкімет басшысы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Үкімет • Бүгін, 16:12
Астанада Тәуелсіздік күніне орай жүзуден республикалық турнир өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 16:12
Алматыда Тәуелсіздік күні қалай тойланады
Аймақтар • Бүгін, 15:52
Цифрлық дәуірдегі ақиқат күресі
Пікір • Бүгін, 15:50
Түркістанда жаңа жылға орай қаланы безендіруге қаржы бөлінбейді
Аймақтар • Бүгін, 15:35
Түрлі-түсті металдар бойынша 60 перспективалы учаске анықталған
Қазақстан • Бүгін, 15:19