04 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №5-3/261

312 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2015 жылғы 27 наурыз, Астана қаласы Дайындаушы ұйым жеке қосалқы шаруашылықтан, шаруа немесе фермер қожалығынан, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғадан ауыл шаруашылығы өнімін сатып алған кезде бағаның (құнның) шекті мөлшерін бекіту туралы «Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-3) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған дайындаушы ұйым жеке қосалқы шаруашылықтан, шаруа немесе фермер қожалығынан, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғадан ауыл шаруашылығы өнімін сатып алған кезде бағаның (құнның) шекті мөлшері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Экономикалық интеграция және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы С.ОМАРОВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ______________ Б.Сұлтанов 2015 жылғы 13 мамыр «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________ Е.Досаев 2015 жылғы 21 сәуір Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №5-3/261 бұйрығымен бекітілген Дайындаушы ұйым жеке қосалқы шаруашылықтан, шаруа немесе фермер қожалығынан, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғадан ауыл шаруашылығы өнімін сатып алған кезде бағаның (құнның) шекті мөлшері (теңге) № Өнімнің атауы Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуіші кодтары Өлшем бірлігі Баға 1 2 3 4 5 1. Сауын тірі ірі қара мал 014110 килограмм 471 2. Тірі жылқылар және басқа да жылқы тұқымдас жануарлар 014310 килограмм 554 3. Тірі түйелер және түйе тектілер 014410 килограмм 534 4. Тірі қойлар мен ешкілер 014511, 014512 килограмм 480 5. Тірі шошқалар 014610 килограмм 394 6. Тірі үй құсы 01471 килограмм 266 7. Тауықтың шағылмаған жаңа жұмыртқасы 014721 ондық 148 8. Ірі қара малдың жас немесе тоңазытылған еті 101111 килограмм 1 079 9. Қойлардың, ешкілердің жас немесе тоңазытылған еті 101113, 101114 килограмм 1 072 10. Шошқалардың жас немесе тоңазытылған еті 101112 килограмм 846 11. Жылқылар мен жылқы тұқымдас жануарлардың жас немесе тоңазытылған еті 101115 килограмм 1 240 12. Сауын ірі қара малдың шикі сүті 014120 литр 78 13. Үй құсының жас немесе тоңазытылған еті 101210 килограмм 504 14. Картоп 011351 килограмм 55 15. Сәбіз 011341 килограмм 62 16. Қырыққабат 011312 килограмм 51 17. Баклажан 011333 килограмм 70 18. Қызанақ 011334 килограмм 135 19. Қияр 011332 килограмм 99 20. Сарымсақ 011342 килограмм 420 21. Пияз 011343 килограмм 38 22. Қант қызылшасы 011371 килограмм 12 23. Алмалар 012410 килограмм 182 24. Алмұрттар 012421 килограмм 249 25. Айва 012422 килограмм 450 26. Өріктер 012423 килограмм 211 27. Шие 012424 килограмм 242 28. Шабдалы 012425 килограмм 259 29. Қара өрік 012427 килограмм 202 30. Түтілген жүн 101141 тонна 300 000 31. Ірі қара малдың терісі мен иленбеген былғарысы 101142 бірлік 2 700 32. Жылқы тұқымдас жануарлардың терісі мен иленбеген былғарысы 101142 бірлік 2 500 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 12 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11329 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар