04 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы  №110

362 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
2015 жылғы 19 ақпан, Астана қаласы Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай қағидаларын бекіту туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-12) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген соң күнтiзбелiк он күн ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналас­тырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау салаға жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр Е. ДОСАЕВ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы №110 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының10-12) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібін айқындайды. 2. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алудың негізгі міндеті барлық меншік нысанындағы тұрғын үйлердің болуы, орналасқан орны, сандық және сапалық құрамы, техникалық жағдайы, абаттандыру деңгейі мен құны және осы көрсеткіштердің өзгерістері туралы ақпарат алу болып табылады. 3. Тұрғын үй қоры – Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық меншік нысанындағы тұрғын үй. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры жеке және мемлекеттік тұрғын үй қорларын қамтиды. 4. Тұрғын үй қорына тұрғын үйлердегі тұрғын емес үй-жайлар кірмейді. 2. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу 5. Тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқорының (бұдан әрі – ЖМТ МДҚ), авариялық үйлер бойынша жергілікті орындаушы органдардың деректері негізінде қалыптасатын тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін, елді мекендерде әр шаруашылық бойынша есепке алуды және жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізу арқылы жүзеге асырылады. 6. Тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу, сондай-ақ оны жүргізу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне (бұдан әрі – Комитет) жүктеледі. 7. Тұрғын үй қоры статистикалық тіркеліміндегі ақпараттар тізбесі осы Қағидаларға1-қосымшада келтірілген. 8. Комитетке ЖМТ МДҚ-дан берілуге жататын ақпараттар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген. 9. Комитетке ЖМТ МДҚ-дан ақпараттар беру үшін мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы пайдаланылады. Ақпараттарды беру күн сайын жүзеге асырылады. 10. Әр шаруашылық бойынша есепке алудың тіркеу жазбалары негізінде тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жаңартуға жататын ақпараттар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген. 11. Тұрғын үй қорының статистикалық тіркеліміне жергілікті атқарушы органдардың авариялық үйлер және жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулары бойынша ақпаратының негізінде өзгерістер енгізу уәкілетті орган бекіткен тиісті жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мерзімдерде жүргізіледі. 12. Тұрғын үй қорының жай-күйі туралы статистикалық ақпарат уәкілетті орган бекітетін тиісті жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес таратылуға жатады. 13.Тұрғын үй қорының статистикалық тіркеліміндегі ақпараттың құпиялылығына Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес кепілдік беріледі. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай қағидаларына 1-қосымша Тұрғын үй қорының статистикалық тіркеліміндегі ақпараттар тізбесі 1. Объектінің мекенжайы 2. Әкімшілік-аумақтық обьектілер жіктеуішінің коды 3. Қадастрлық нөмірі 4. Пайдалануға берілген жылы 5. Мекенжайдың тіркеу коды 6. Үйдің жағдайы 7. Қабаттылығы 8. Тұрғын үй типі 9. Қабырғаларыныңматериалы 10. Үйдің істен шығу себебі 11. Пәтерлер саны 12. Тұрғын пәтерлер саны 13. Электр плитасының болуы 14. Газ желісінің болуы 15. Сұйытылған газдың болуы 16. ЖЭО-дан жылытудың болуы 17. Пешпен жылытудың болуы 18. Жеке қондырғыдан жылытудың болуы Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай қағидаларына 2-қосымша Статистика комитетіне ЖМТ МДҚ-дан беруге жататын ақпараттар тізбесі Тұрғын үй туралы мәліметтер 1. Объектінің мекенжайы 2. Әкімшілік-аумақтық обьектілер жіктеуішінің коды 3. Мекенжайдың тіркеукоды 4. Кадастрлық нөмірі 5. Сыртқы қабырғасының материалдары 6. Пайдалануға берілген жылы 7. Қабаттылығы 8. Пәтерлер саны 9. Тұрғын пәтерлер саны 10. Электр плитасының болуы Тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) туралы мәліметтер 1. Мекенжайдың тіркеукоды 2. Кадастрлық нөмірі 3. Пәтердің нөмірі 4. Құқық иелері 5. Қабаты 6. Бөлмелер саны 7. Тұрғын үйдің жалпы алаңы Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай қағидаларына 3-қосымша Әр шаруашылық бойынша тіркеу жазбалары негізінде тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жаңартуға жататын ақпараттар тізбесі 1. Объектінің мекенжайы 2. Тұрғын үй типі 3. Меншіктүрі 4. Бөлмелер саны 5. Тұрғын үйдің сыртқы қабырғаларының материалы 6. Электрплитасының болуы 7. Газ желісінің болуы 8. Сұйытылған газдың болуы 9. ЖЭО-дан жылытудың болуы 10. Пешпен жылытудың болуы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10525 болып енгізілді.