Кеше Инвестициялар және даму министрлігі Мемлекеттік қызмет істері ведомствосының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевтың қатысуымен бейнеконференция режіміндегі кеңейтілген кеңес өткізді. Аталған шараға еліміздің он төрт облысы мен Алматы қаласындағы тиісті органдар тікелей режімде қосылды.
Отырыста еліміздің инвестиция және даму саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жүргізу мәселесі талқыға түсті. 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы алға қойған міндеттерін іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған. Ең басты міндет – қоғамда сыбайластыққа төзбеушілік орта қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сана-сезімін арттыру, бизнесте өзара сенімге құрылған жауапкершілік пен әріптестік негізде аталған әлеуметтік кеселмен күресу. Бұл мақсатта Инвестициялар және даму министрлігі тарапынан 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары қарастырылған. Онда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, электронды форматтағы рұқсат құжаттарын беру жайын оңайлату, көлеңкелі экономикамен күрес сияқты маңызды міндеттер қамтылып отыр. Бұл ретте 2015 жылы министрлік тарапынан коррупцияға қарсы күрес кеңесі құрылғандығын қаперге сала кеткен жөн. Ведомстволар мен өңірлердегі сыбайластыққа қатысты деректер бойынша 2015 жылы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін 21 қызметкер, ал 2016 жылдың бес айы ішінде қылмыстық жазаға 7 адам тартылған. Мұның барлығы бақылаушы орган мен шағын бизнес субъектілері арасындағы тікелей байланыстан осындай сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындайтындығы белгілі болды. Сондықтан да, барлығын автоматтандыру, нақты бақылау орнату мен уақыт белгілеу мәселелері жан жақты талқыға түсті.
«Егемен-ақпарат»

Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 19:11
Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:43
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Қоғам • Бүгін, 18:29
Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
Жасанды интеллектіні студенттер қалай қолданып жүр?
Технология • Бүгін, 16:50
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47