Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында белгіленген 93-қадамдағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заң қабылдау тапсырмасы бойынша, 3 жыл көлемінде осы бағытта заңды дайындау жұмыстары жүргізілді.
Бұл жөнінде Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев мәлім етті. Оның айтуына қарағанда, қаржылық есеп аудиті мемлекеттік стандарттары бойынша принцип мәнін есепке алып және таңдауды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл орайда, жергілікті бюджеттен бастап, 2019 жылы Есеп комитеті аудитіне республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне дайындалу міндеті тұр. Қаржылық есеп аудиті есепке алынбаған активтер және міндеттемелерді көрсету үшін іске асырылады.
Сонымен қатар, ішкі мемлекеттік аудит комитеті бұзушылық фактілерді анықтау және ескерту жасау әдіс-тәсілдеріне өзгерістер енгізуде. Халықаралық талаптарға сай, біз көзделген нысандардан міндетті түрде бұзушылық тауып, айыпталушыларға шара қолдануға келген қарсылас ретінде емес, керісінше, жағдайды тәртіпке салу үшін және болашақта құқыққа қайшы істердің қайталануына жол бермеу бағытында жұмыс жасауымыз қажет, деді вице-министр. Сондай-ақ, барлық аудиторлық іс-шаралар тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша нақты сұрақтарды қарастыру үшін жоспарланғанын атап өтті.
Және камералдық бақылауға ерекше мән беріп отырмыз. Камералдық бақылау өткізу кезеңінен бастап, мемлекеттік сатып алудағы бұзушылықтардың 32%-дан 22%-ға дейін төмендеуі жасалған жұмыстың тиімділігін дәлелдейді. Осы уақытқа дейін 174 млрд.теңгеге жасалған бұзушылыққа ескерту берілді. Жемқорлыққа қарсы механизмнің рөлін атқаратын бірыңғай дерекқормен электронды аудит бұл жұмысты әлдеқайда жеңілдетпек. Яғни, нысананың байқауынсыз тексеріс жүргізе береді. Бүгінгі күнде Қаржы министрлігінің күші мен мемлекеттік сатып алулардың нәтижесі өзгертілді. Тәртіп бұзушылық байқалған кезде материалдар бұрынғыдай құқық қорғау органдарына беріледі, деді Р.Бекетаев.
Эльмира МӘТІБАЕВА,
«Егемен Қазақстан»

Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 19:11
Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:43
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Қоғам • Бүгін, 18:29
Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
Жасанды интеллектіні студенттер қалай қолданып жүр?
Технология • Бүгін, 16:50
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47