04 Маусым, 2016

Германияда найзағай түсіп, 42 адам жараланды

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04-06-2016 germany АСТАНА. 4 маусым. Германияның Мендиг қаласындағы ашық аспан астында Rock am Ring атты рок-фестивалі өтіп жатқан орынға найзағай түсіп, ондаған адам зардап шекті. Бұл туралы rosbalt.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқыс жағдайдан кем дегенде 42 адам ауруханаға жатқызылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сегіз адам ауыр жараланған. Оның біреуін, тіпті дер кезінде көмек көрсетіп, аман алып қалыпты. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер жедел жеткен. Ауа райының қолайсыздығынан іс-шараны шамамен 1,5 сағатқа тоқтатуға тура келген. Ал кейбір мәліметтерде аздаған үзілістерден кейін фестивальдің қайта жалғасқаны хабарланады. Мұндай шешім ұйымдастырушылардың тиіс органдардың келісімімен жүзеге асты. Белгілі болғандай, 3-5 маусым аралығында өтетін фестивальге барлығы 90 мың адам келеді. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: rosbalt.ru.