04 Маусым, 2016

Жапония оқушылары электронды оқулықтарға көшеді

433 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04-06-2016 japan АСТАНА. 4 маусым. Жапонияда мектеп оқушылары 4 жылдан кейін электронды оқулықтарға көшеді. Бұл туралы rosbalt.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Мұндай шешімді өткен бейсенбі күні, 2 маусымда Жапонияның білім министрлігі қабылдады. Планшет түріндегі электронды кітаптар көрнектілігін, сондай-ақ дәріс барысында түрлі суреттер мен дыбыс функцияларын қосудың арқасында оқыту мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл ағылшын тілін оқытудың, сонымен қатар мүгедек балаларға да үйретудің сапасын арттыруына жағдай жасайды. Алғашында электронды оқулықтар қағаз оқулықтарымен бірдей пайдаланылады. Ал ары қарай қағаз түріндегі кітаптар ақырындап айналымнан шығады. Алайда, мемлекет барлық оқушыларды жаңа кітап түрімен қамтамасыз ете алмайтыны да айтылды. Осыған байланысты шығынның бір бөлігі ата-аналардың мойнына жүктеледі. Күтіліп отырғандай, бұл істің тәжірибе жүзінде енгізілуіне дайындық жұмыстары 2016 жылдың соңында басталады. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: rosbalt.ru.