04 Маусым, 2016

Ольга Рыпакова турнирде күміс жүлдегер атанды

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04.06.2016 AST-2 АСТАНА. 4 маусым. Қазақстандық жеңілатлет Ольга Рыпакова Италияның Рим қаласында үш қарғып секіруден өткен «Гауһар лигасы» жарысында күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жарысты  колумбиялық Катерин Ибаргуэн жеңіп алды.  Ол 14,78 метрге секірді. Екінші орын алған Ольга Рыпакова үш қарғып секіруде 14,51 метр нәтиже көрсетті. Одан кейін ямайкалық Шаника Томас 14,46 метрге секіріп, қола жүлдеге ие болды. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитеті. 04.06.2016 AST-3