АСТАНА. 6 маусым. Кеше Ақтөбедегі атыс кезінде 21 адамның қаза тауып, 38 адамның әртүрлі дене жарақаттарын алғаны белгілі болып отыр. Бұл туралы Ішкі істер министрінің мәлімдемесіне сүйенген egemen.kz хабарлады.
Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымовтың журналистерге берген мәліметі бойынша, Ақтөбеде теракт жасаған қылмыскерлердiң 12-сiнiң көзi жойылып, 6-ы жарақат алған. Министрдiң айтуынша, бiрiншi қару дүкенiндегi бейнекамера арқылы 26 қылмыскердің болғаны анықталған.
«Қазiр бiз барлығының аты-жөнiн бiлемiз. Түнде жұмыс жасадық. Қазiргi уақытта 12 қылмыскердiң көзi жойылды, 6-ы жарақат алды. Ендi қалған 6-7 адамды iздеп жатырмыз. Олардың қолында 5 қару қалды», – деп хабарлады министр.
Жалпы, жедел-iздестiру шаралары барысында 11 қару тәркiленген.
Сонымен қатар Қалмұханбет Қасымов 3 полицей, 3 әскери қызметкер және 3 бейбiт адам оққа ұшқанын жеткізді.
«Бiрiншi қару дүкенiнiң сатушысы мен оқиға орнына бiрiншi болып жеткен күзет қызметкерi қаза тапты. Ал екiншi қару дүкенiнде келген адам пышақ жарақатынан мерт болды. Жалпы алғанда, 3 бейбiт адам көз жұмып, 2 адам жараланды», – дедi ол.
Министр мәлім еткендей, бұған қоса, кешегi қақтығыста 3 полицей мен әскери қаза тапқан.
«Қызметкерлер арасындағы өлiм-жiтiмге тоқталсақ, бiрiншi қару дүкенiне келген 3 полицей оққа ұшты. Түнгi уақытта жүргiзiлген жедел-iздестiру шаралары барысында бiрлi-жарым қызметкер жеңiл жарақат алды. Ал әскерилер арасында 3 адам – бiр офицер, келiсiмшарт бойынша және мерзiмдi қызметтегi 2 адам, сондай-ақ, әскери бөлiмнiң аумағында түрлi себеппен болған 6 адам жараланды», – дедi министр.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Ақтөбеде 5 маусым күні болған атыс салдарынан 38 тұрғын зардап шеккенін айтты.
«38 адамға медициналық көмек көрсетілді. Екеуі қаза болды. 15 адам жеңіл жарақаттар алып, амбулаториялық емге бағытталды. 20 адам емханаға жатқызылды. Олардың 14-іне ота жасалып қойды, тағы үшеуіне әлі ота жасалуда, тоғызының жағдайы ауыр», – деді Дүйсенова дүйсенбі күні үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Сонымен қатар Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Ақтөбедегі қару-жарақ дүкені мен ұлттық гвардияның әскери бөліміне жасалған шабуылдың терроризм екендігін де атап өтті.
«Біз мұның террористік акт екенін мойындаймыз. Сондықтан да заңға сәйкес бұл деңгей енгізілді. Барлық күштік құрылымдар күшейтілген нұсқаға көшірілді. Біз барлық нысандарды күзетуге көштік. Бұл нұсқаға сәйкес бірқатар қоғамдық, көңіл көтеру орындарының жұмыстары тоқтатылды», – деді Үкімет отырысы аясында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берген ол.
Министрдің атап өтуінше, қазіргі уақытта Ақтөбеде ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары басқаратын штаб жұмыс істейді. Сонымен қатар министр штаб жұмысына және лаңкестікке қарсы операцияларға қажетті күш те, құрал-жабдық та жеткілікті.
«Біз көпшілікті жұмылдырған жоқпыз. Арнайы мақсаттағы бірнеше сарбаз ғана қосылды. Ал жалпы Ақтөбе өз күшімен де толық әрекет ете алады», – деді ол.
Еске сала кетейік, кеше Ақтөбе орталығында қаруланған топ әскери бөлім мен қару-жарақ сататын дүкенге шабуыл жасады.
Осыдан соң облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тұрғындарды өте сақ болуға шақырып, антитеррорлық операциялардың жалғасып жатқанын жеткізді. Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Ақтөбеде болған оқиғаға радикалды діни бағыттағы топтардың қатысы бар екенін растады.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
• 06 Маусым, 2016
Ақтөбедегі атыс кезінде барлығы 21 адам қаза тапты

Көлік жүргізу құқығы жоқ азамат бөтеннің автокөлігін айдап кеткені үшін сотталды
Оқиға • Бүгін, 11:14
Бақытгүл Қамбар: Жаңа Конституция халықаралық нормаларға толық сәйкес келеді
Ата заң • Бүгін, 11:12
Солтүстік өңірлер су тасқынына қалай қамданып жатыр?
Қоғам • Бүгін, 11:02
42 млрд теңгеге жуық инвестиция: Ақтөбеде Coca-Cola зауыты салынады
Инвестиция • Бүгін, 10:52
ЕАЭО кеңесі ғылыми атақтарды өзара тану туралы келісімді мақұлдады
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Атышулы ұрлық пен алаяқтық дауы: Лувр директоры қызметінен кетті
Әлем • Бүгін, 10:37
Конституциялық реформа: Парламенттің жаңа саяси салмағы
Ата заң • Бүгін, 10:28
Елімізде папиллома вирусына қарсы екпе егу басталады
Медицина • Бүгін, 10:19
Атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алады
Білім • Бүгін, 10:03
Сабалақ елді мекеніне көгілдір отын қосылды
Инфрақұрылым • Бүгін, 09:55
Софиядағы бокс бәсекесі: Қазақстанның 15 былғары қолғап шебері рингке көтерілді
Бокс • Бүгін, 09:48
Тұман, көктайғақ, жел: 25 ақпанда ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Президент Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:32
Алматыда тау курорттары альянсының III фестивалі басталды
Алматы • Бүгін, 09:30
Халықаралық сарапшылар Алматының тау туризмін дамытуға қолдау білдірді
Туризм • Бүгін, 09:26