Бәсекелестік белең алған нарық жағдайында өндірісті өрге бастырып, жақсы табыс табу үшін жұртшылық сұранысындағы, сапалы және бағасы қолжетімді өнім өндіруді жолға қою керек. Нарықтың осы талабын жақсы білетін «ТНК агрофирмасы» облыстың біраз өңірлерінен өз құрылымдарын ашып, игі істерімен көзге түсуде. Елең еткізер қадам ретінде серіктестіктің осыдан екі жыл бұрын меншікке алған Атбасар жөндеу-механикалық зауытының аумағынан электр үнемдегіш шамдар шығаратын кәсіпорынды іске қосқанын айтар едік.
«Қазтехникс» атауындағы жаңа кәсіпорынның басшысы Данияр Уәлиев өндіріс барысымен кеңінен таныстырды.
– Бұрынғы жөндеу-механикалық зауытының цехы жаңа кәсіпорынға лайықтап жарақталған, – дейді жас басшы. – Алғашында біз ескі құрылғылармен жұмыс істедік. Өткен жылы Оңтүстік Кореядан жаңа жабдықтар сатып алынды. Жұмысшыларымыз Санкт-Петербургтегі әріптес компания зауытымызда ұйымдастырған курста оқып, кәсіби біліктілігін арттырды. Біз қазақстандық жабдықтарды пайдалануға ден қоямыз. Сондай-ақ, интеграциялық жүйемен Ресейден жылтыр металл тақталар, Канададан өрнекті пластиктер жеткізілуде.
Бүгінде зауыт электр үнемдегіш лампалардың 24 түрін жасайды. Тәулігіне үлкен шамдардың 320 данасын, кішігірім лампалардың 450-ін құрастырып шығарады. Алғашында тек тапсырыс бойынша жұмыс істеген зауыт кейінгі уақытта толық қуатына көшкен. Зауыт ішінде аумағы 3000 шаршы метрді құрайтын дайын өнімдерді сақтайтын қойма жабдықталған.
Шығарылған өнімді сату мәселесі оншалықты қиындық туғызып отырмағандығын айтып өтті зауыт басшысы. Астана, Алматы, Маңғыстауда бірқатар ірі компаниялар кәсіпорын өнімдеріне тапсырыс беріпті. Сондай-ақ, Жақсы, Есіл аудандары әкімдіктерімен шарт бойынша көшелерді жарықтандыратын лампалар орнатылып берілген. Қазіргі күні зауыт басшылығы Көкшетау қаласы әкімдігімен келіссөз жүргізіп жатқан көрінеді. Тапсырыс көлемі анықталған жағдайда, облыс орталығының көшелері жергілікті өніммен толық қамтамасыз етілмек.
«Қазтехникс» ЖШС өз өнімдеріне үш жылдық кепілдік береді. Яғни, лампа үш жыл мүлтіксіз жұмыс жасауы тиіс. Олай болмаған жағдайда, не жаңасымен ауыстырады, болмаса тегін жөндеп береді. Жалпы, зауыт шығарған электр үнемдегіш лампалар 20 жыл жұмыс істейді деп жобаланған. Осыдан болса керек, жарығы мол әрі қуат үнемдегіш өнімдерге сұраныс артып отыр.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы,
Атбасар ауданы

Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Қоғам • Бүгін, 17:08
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 16:53
Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ма?
Білім • Бүгін, 16:35
Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:17
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Спорт • Бүгін, 16:04