02 Ақпан, 2011

10 автокөлік сыйға берілді

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қыстың қаһарлы күндерін жан жадырататын   игілікті бастамалар  жы­­лытып, мұнай өндірумен ай­на­лы­сатын компанияның көмегі  елең еткізді. Нәтижесінде өткен жылғы су тасқынынан  зардап шеккен Ақ­су ау­да­нына «Норт Каспиан Оперейтинг» ком­паниясы ұжымы 10 «Газель» ав­то­көлігін салтанатты түрде тап­сыр­ды. Қайырымдылық шарада аталған компания директоры Пьер Дельпон жаңа автокөліктердің  шал­ғай елді ме­кендердегі  тұрғын­дарға дәрігерлік көмек көрсету мен оқушыларды мектепке тасымал­дау­ға берілгенін айтты. Ұжым қайырымдылық пен демеушілік бағдарламасымен еліміздегі – білім беру, денсаулық сақтау, мәде­ниет, спорт және басқа да салаларды қамтыған. Тек Қызыл­ағашқа 30 млн. теңгенің автокө­ліктері  берілсе, тас­қын­нан зардап шеккен Ақтоған, Егінсу елді мекендеріндегі білім шаңы­рақ­тарындағы шәкірттерге 500-ден астам қысқы және спорттық киімдер сыйлап, бүл­діршіндерге сыйлық жасады. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.