Құрметті отандастар!
Қазақстан мұсылмандары мен бүкіл ислам дүниесі барша айлардың сұлтаны – қасиетті Рамазан айында өтетін оразаға дайындалып жатқанда Ақтөбе қаласында жантүршігерлік лаңкестік оқиға орын алды.
Сіздер мен біздің бауырларымыз – бейкүнә жандар жазықсыз құрбан болып, оққа ұшты.
Елді дүрліктірген осынау қанды оқиғаны ұйымдастырушылар заңның барлық қатаң талаптары бойынша жазалануы тиіс.
«Нұр Отан» партиясы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қатты қайғырып көңіл айтады.
Біз әкесінен, бауырынан және баласынан қапыда айырылған сіздердің әрқайсыларыңыздың қайғыларыңызға ортақпыз. Сіздермен бірге біз де аза тұтамыз.
Террористерде ешқашан ұлт та, діни сенім де болмаған. Қандықол кісі өлтірушілер өздерінің қасапты әрекеттерін жалған діни ұрандармен ақтап алғысы келеді.
Мұндай адамгершіліктен мүлде ада іс-әрекеттердің мүбәрак дінімізге үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын айрықша қайталап айтқым келеді.
Нағыз мұсылман үшін ислам – әрдайым бейбітшіліктің, мейірімділіктің, төзімділіктің және өзара құрметтің діні болып қала береді.
Лаңкестік оқиғаны ұйымдастырушылар елді дүрбелеңге салып, қоғамда үрей туғызуды көздеді. Дегенмен, халық мұндай арам пиғылды арандатушылардың сөздеріне ермеуі керек.
Біз туған Отанымыздың тағдырын ойлайтын бүкіл халықты бірлік пен берекеге шақырамыз.
Барша қазақстандықтар үшін ең қасиетті құндылықтар саналатын тәуелсіздік, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім Елбасымыз ұстанған Қазақстанның нығаюы, өсіп-өркендеуі мен гүлденуіне бағытталған саясатының берік іргетасы екендігін әрқашан ұмытпауымыз керек.
Бүкіл отандастарымызды ағайынның бірлігін, еліміздің тыныштығын, халқымыздың татулығын көздің қарашығындай сақтап, оны одан әрі нығайта беруге шақырамыз.
Тек бірге, тек татулықта, тек өзара сыйластықта ғана біз кез келген қиындық пен кедергіні еңсере аламыз. Осыны әрдайым есте ұстайық, ағайын!
• 07 Маусым, 2016
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің Үндеуі

Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Қоғам • Бүгін, 17:08
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 16:53
Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ма?
Білім • Бүгін, 16:35
Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:17
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Спорт • Бүгін, 16:04