07 Маусым, 2016

Үкімет сағатында жеке сот атқарушылық институты мен оны дамытудың жайы қаралды

304 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
100 нақты қадам Мәжілісте палата Төрағасының орынбасары Гүлмира Исімбаеваның жетекшілігінде «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 27-қадамының шеңберінде жеке сот атқарушылық институты және оны дамыту» деген тақырыпта Үкімет сағаты өтті. Төрағаның орынбасары: «Мем­лекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында сот жүйесінің реформасы шең­берінде бірқатар институттық ше­шімдер жұмыс істей бастайтынын, олар­дың қатарына мемлекеттік сот орындаушыларын кезең-ке­зеңімен қысқарта отырып, жеке сот орын­даушылары институтын одан әрі дамыту қажеттілігін атап көрсетті. Қазақстан Рес­публикасы Президентінің тапсырмасын іске асыру «100 нақ­ты қадам» Ұлт Жос­парының 27-қадамында көрініс тауып отыр. Бұл бағыттағы жұмыс бірнеше жыл бұрын басталған. Ал атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заң жеке сот атқарушылық институтын дамы­тудың негізі бол­ды. 2015 жылғы қазан айын­да қабылдан­ған Кәсіпкерлік мә­селелері бо­йынша заң елімізде жеке сот атқарушылық институтын ен­гізуді іс жүзінде бекітті», – деді. Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта сот актілерінің уақтылы орындалмауы, ішінара жазаның бұлтарт­пастығы қағидатын елемеу, шағын және орта бизнес субъектілерінің заңсыз әрекеттері проблемалары және жеке сот атқарушылық институтын одан әрі дамыту перспективалары, оның қызметінің нәтижелері, осы институттың табысты жұмыс істеуі үшін оңтайлы шешімдер әзірлеу мүмкіндігі біздің ел үшін өзекті болып табылатынын айтты. «Соттардың шешімдерін өз еркімен орындау құқықтық мәдениеттің ажырамас бөлігі бола қойған жоқ. Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде бұзылған құқықтарды және азаматтардың заңмен қор­ғалатын мүдделе­рін қалпына келтіру процесін ұйым­дастыру қажет. Айталық, қазіргі уақытта жеке сот орындаушыларында 1 млн. 141 мың құжат (1 трлн. 561 млрд. теңге сомаға) орындауда жатыр. Осы құжаттардың ішінде тек 40 пайызы ғана болашақта орындауға болатын шешімдер. Осы цифрлардан-ақ елімізде 5 институттық ре­фор­маның «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» бағытын жүзеге асыруда азаматтардың құқығын қорғауда сот атқарушылық қорғау инс­титутын одан әрі дамытудың өзектілігін байқауға болады», – деді Г.Исімбаева. Осы мәселені жан-жақты тал­қылау мақсатында Үкімет саға­­тына Жоғарғы Сот, Бас Про­ку­ратура, Әділет министрлігі, Іш­кі істер министрлігі, Ұлттық Банк бас­шыларының жетекшілік ететін орынбасарлары, Жеке сот орындаушыларының рес­пуб­­­ликалық палатасының, Же­ке сот орындаушыларының өңір­лік палаталарының, Бас про­ку­ра­тураның Құқықтық статис­тика және арнайы есепке алу комитетінің, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қаржыгерлер қа­уымдастығының өкілдері ша­қырылыпты. Сөз кезегі мәселені баяндау үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрі Берік Имашев­қа берілді. Ол: «Сот актілерін орын­­дау сот төрелігін іске асы­рудың түпкілікті нәтижесі және азаматтардың құқықтарын қор­ғауға конституциялық кепіл­дікті қамтамасыз етудің ма­ңызды құралы болып табылады. 4-5 жыл бұрын оның сапасы мен тиімділігіне сот орындаушысының тиісті мәр­тебесінің болмауы, жет­кі­лік­сіз өкілеттіктері, төмен жалақы, тиісінше, материалдық-техникалық жабдықталмауы және жүктемесінің көптігі те­ріс әсер етті. Сонымен қатар, атқарушылық іс жүргізу органдарын бір ведомс­тволық құрылымнан екіншісіне беру жүйені нығайтуға ықпал ет­пегенін атап өткім келеді. Атал­­ған проблемаларға байланысты елімізде шығарылған сот актілерінің шамамен әр­бір үшіншісі орындалмады. Негізсіз жоғары біліктілік талаптары белгіленді. Үміткер жеке сот орындаушысында ша­­мамен бір жыл мерзімімен үздіксіз тағылымдамадан өтуі тиіс еді. Бұл ретте, жеке сот орындаушысының 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі, оның 1 жылы жеке сот орындаушысының лауазымында болуы қажет. Одан кейін конкурстан өтуі тиіс. Сондай-ақ, жеке тұлғалардың банктік шот­тары туралы ақпаратты талап ету құқығы берілді», – дей келіп, Б.Имашев бүгінде жеке сот орындаушыларының саны 1200-ге жеткенін, мұның өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп екенін атап көрсетті. Тек Ал­матының өзінде – 173, Астанада – 138, Қарағандыда 116 дегендей. Республика халқына шаққанда 20 мың адамға біреуден келеді екен. Алайда, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық да­муы­ның айыр­машылығына, сон­дай-ақ, халықтың діліне байланыс­ты жеке сот орындаушылары санының өсу деңгейі әр өңірде әртүрлі болатынын атап өткім келеді. Мәселен, батыс және солтүстік облыстарда жеке сот орындаушыларының саны әлі де нормативтерге жетпеген және олар көрсететін қызметтерімен қамтылмаған аудандар бар. Ұқсас жағдай нотариустермен де болды. Алайда, бұл мәселе кезең-кезеңмен өз жолына түсті. Жеке сот орындау­шыларымен мұндай проблемалар болмайды деген сенімдеміз, деді министр. Вице-спикер қайтадан сөз алып Заңнама және сот-құ­­қықтық реформа комитеті ағымдағы жылдың 25-31 мамыры аралығында Оңтүстік Қазақстан облысына, Алматы қаласына және Алматы облысына сапарға шығып қайтқанын мәлімдеді. «Сапар барысында депутаттар жеке сот орындаушыларымен, мемлекеттік, құқық қорғау және өзге де органдардың өкілдерімен, азаматтармен кездесулер ұйымдастырып, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 27-қадамы шеңберінде жеке сот атқарушылық институтын дамыту тақырыбы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында және Ал­маты қаласында дөңгелек үстелдер өткізді. Осы аталған іс-шаралар барысында сот актілерін орындау проблемалары және жеке сот атқарушылық институтын одан әрі дамытудың перс­пективалары, оның қызметінің нәтижелері талқыланды, аталған институттың табысты жұмыс істеуі үшін оңтайлы жағдайлар жасаудың жолдары ұсынылды», – деді Вице-спикер. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров тақырыпқа қо­сымша баяндама жасады. Отырысты қорытқан Мә­жіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исімбаева: «Бүгін Ұлт Жоспарының 27-қадамын, жеке сот орындаушылар инс­титутын одан әрі дамыту бөлігін іске асыру бойынша мазмұнды да мағыналы пікір алмасу болды. Отырысымызды қорытындылай келе, Берік Мәжит­­ұлына мазмұнды баяндамасы және атқарушылық іс жүргізу саласының жай-күйіне және аталған салада жүргізіліп жатқан реформа туралы жан-жақты талдау жасап бергені үшін алғысымызды білдіргім келеді. Министрлік алдағы уақытта да атқарушылық іс жүргізу жү­йесі жұмысының тиімділігі мен сапасын арттыра түсетініне се­німдімін. Бүгінгі отырыстың қорытындысы бойынша Үкіметке бірқатар ұсыныстар жобасы дайындалды. Айтылған ұсыныстар мен пікірлер толық ескеріліп, Бас комитет тиісті жұмыс жасайтын болады. Қосымша сұрақтар мен ескертулерді Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне берулеріңізді сұраймын», – деді. Шара аясында тақырыптық көрме болды. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»