Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Ұлы Жібек жолымен: Шэньсидің мәдени мұралары» атты көрме салтанатты жағдайда ашылды.
Көрме Қытайдың Қазақстандағы елшілігі, Шэньси провинциясы Мәдени ескерткіштер басқармасы, Шэньси провинциясы Тарих музейі, Шэньси провинциясы Мәдени ескерткіштерімен алмасу орталығының, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Қазақстандықтарды Ұлы Жібек жолының бастау алған жерімен, сол сияқты ежелгі Қытай өркениетінің даму діңгегі болған Шэньси провинциясының көне өркениетімен таныстыру мақсатын көздеген көрмеге Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай, Қытай Халық Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй, Шэньси провинциясының Мәдени ескерткіштер басқармасының директоры Жао Ронг қатысты.
Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай аталмыш көрменің маңыздылығына тоқталды.
– Бүгін Ұлттық музейде қытайлық әріптесім Жао Ронгпен 2017-2018 жылдары Ұлттық музейде «Император Цинь Шихуанди терракотты армиясы» және Шэньси провинциясында «Қазақстанның мәдени ескерткіштері» көрмесін өткізу үшін екіжақты келісімшарт жасадық, – деді музей басшысы.
«Ұлы Жібек жолымен: Шэньсидің мәдени мұралары» көрмесі музей қонақтарына Шэньси провинциясының бірегейлігі туралы білуге мүмкіндік берді, сондай-ақ, Қытай Халық Республикасы және Қазақстан Республикасы арасындағы екіжақты тәжірибе алмасу мен мәдени мұра саласындағы ынтымақтастыққа ықпал жасады. Бұл туралы елші Чжан Ханьхуэй атап өтті:
– Бүгінгі көрменің ашылуымен құттықтаймын! Қытай мен Қазақстан – ежелден Ұлы Жібек жолы бойында тамаша өркениетте өмір сүрді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Нұрлы Жол» Стратегиясын іске қосқанын білесіздер. Әрине, біз осы стратегиялық жолдауды қолдаймыз. Даму мен өркениетке бет алу үшін ең бастысы келісім керек, – деді Ч.Ханьхуэй.
Музей қонақтары Қытайдың көне провинциясы Шэньсидің сирек кездесетін мәдени жәдігерлерін, Ұлы Жібек жолы және оның жандануын, Шэньси провинциясының ғылыми-техникалық, экономикалық және саяси жетістіктері туралы 130-дан астам фотосуреттерді тамашалады.
Көрме 30 маусымға дейін жұмыс істейді.
«Егемен-ақпарат»

Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Қоғам • Бүгін, 17:08
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 16:53
Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ма?
Білім • Бүгін, 16:35
Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:17
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Спорт • Бүгін, 16:04