02 Ақпан, 2011

Әкем – асқар тауым

568 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қостанайда «Менің әкем – ең жақсы әке» атты балалар  байқауы өтті.  Осы та­қы­рып­қа шығарма жазған балалар күшті, мық­ты, қамқор, мейірімді әкесі туралы  әң­гіме­лейді. А.Байтұрсынов атындағы  Қос­­танай мемлекеттік университеті психология және педагогика кафедрасының мең­ге­ру­шісі, осы бай­қауды ұйымдасты­ру­шылар­дың бірі Лилия Саркисянның 82 шығар­маны оқып шығуына тура келді. Облыс орталығындағы №21 мек­тептің 3 сынып оқушысы Руслан Са­ғым­баев  бірінші орынды иеленді. Рус­лан папасымен ылғи бірге жүре­тінін,  ұлдардың құпиясын бөлісе­тіндігін және ақыл-кеңес алатынын айтыпты. Л.Саркисянның айтуынша, ұл­дардың басым көпшілігі ылғи әкесімен бірге болғысы келетіндігін жазған. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. Қостанай.