ПЕТРОПАВЛ. 7 маусым. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов Швецияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Христиан Камиллмен кездесті. Онымен бірге Business Sweden швециялық сауда және инвестициялық кеңес төрағасы Игорь Власюк болды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ерік Сұлтанов республикамыз тартымды инвестициялық ахуалмен ерекшеленетінін, бизнес жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалғанын жеткізді.
«Солтүстік Қазақстан – аграрлы өңір. Біз еліміздегі астықтың үштен бірін өндіреміз. Қайта өңдеу саласында әлеует мол. Ірі қытайлық компанияның қаржы құюымен май өңдеу зауытының құрылысы басталды. Біз неміс, итальяндық, финляндиялық, қытайлық және ресейлік компаниялармен жұмыс істейміз. Швециялық фирмалармен де бірлескен жобаларды атқаруға дайынбыз», – деді облыс әкімі.
Өз кезегінде Христиан Камилл оның Қызылжар өңіріне үшінші жұмыс сапары екенін атап өтті.
«Бұл қазан айында болатын үлкен кездесу алдындағы әзірлік деп білеміз. Біздің еліміз де солтүстікте орналасқан, кәсіпкерлер тіл табыса алады деп ойлаймын», – деді Швеция елшісі.
Айта кетейік, осы жылдың қазан айында Швецияның ауыл шаруашылығын дамыту және өңірлік даму министрі Сеен Эр Бухт бастаған делегация келеді деп күтілуде.
Өмір Есқали.
Дерек, фото: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
• 07 Маусым, 2016
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Швеция елшісімен кездесті

Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Қоғам • Бүгін, 17:08
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 16:53
Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ма?
Білім • Бүгін, 16:35
Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:17
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Спорт • Бүгін, 16:04
Оқушыларды жалған тіркеу: 2 966 мектепте заңбұзушылық анықталды
Білім • Бүгін, 15:58
Вице-премьер Қарағанды облысындағы бөгеттер мен су қоймаларын тексерді
Үкімет • Бүгін, 15:42
Қызылордада қала маңына қатынайтын автобустар уақытша тоқтады
Аймақтар • Бүгін, 15:27
Президент Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 15:23
Сауалнама: Респонденттердің 86,5%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
Оқиға • Бүгін, 14:28
Жамбылдық полицейлер құстарға ұя салып берді
Аймақтар • Бүгін, 14:13