АҚТӨБЕ. 7 маусым. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Ақбөбек — Восток» балаларды сауықтыру мекемесіне барды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ол Ақтөбедегі лагерьлерде көрші аймақтардан келген балалардың да демалуы керектігін айтты. «Ақбөбек» сауықтыру орталығының құрылтайшысы Күлпаршын Айдарханованың айтуынша, бұл мекеме 16 жылдан бері балалардың жазғы демалысын ұйымдастырып келеді. Осы уақыт ішінде лагерьде 15 мың бала демалған.
«Ақбөбек — Восток» лагеріне тиесілі аумақ түнде жарықтандырылып, тәулік бойы күзетіледі. Жазда алты кезең бойынша лагерь ұйымдастырылып, әр кезеңде 250 бала демала алады. Жыл сайын жаз мезгілінде мұғалімдер мен студенттер үшін 50 жұмыс орны ашылады.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мұнда оқушылардың жазғы демалысты жақсы өткізуі үшін барлық жағдай жасалғанын, лагерьге аймақаралық кооперация аясында Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының оқушыларының да келіп, демалулары керектігін атап өтті. Лагерьде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген медициналық блок, кинозал, концерт, спорт алаңдары, бейнелеу өнері, дизайн, экстрим, дойбы-шахмат үйірмелері бар.
2015 жылы мұнда ағаштар мен тіректерге орналастырылған аттракциондар саябағы ашылды, биыл саябақтың екінші кезеңі іске қосылады.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек, фото: egemen.kz

Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Қоғам • Бүгін, 17:08
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 16:53
Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ма?
Білім • Бүгін, 16:35
Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:17
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Спорт • Бүгін, 16:04
Оқушыларды жалған тіркеу: 2 966 мектепте заңбұзушылық анықталды
Білім • Бүгін, 15:58
Вице-премьер Қарағанды облысындағы бөгеттер мен су қоймаларын тексерді
Үкімет • Бүгін, 15:42
Қызылордада қала маңына қатынайтын автобустар уақытша тоқтады
Аймақтар • Бүгін, 15:27
Президент Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 15:23
Сауалнама: Респонденттердің 86,5%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
Оқиға • Бүгін, 14:28
Жамбылдық полицейлер құстарға ұя салып берді
Аймақтар • Бүгін, 14:13