07 Маусым, 2016

Футболдан Америка Кубогы: Аргентина Чилиді жеңді

166 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
07.06.2016 AST-6 АСТАНА. 7 маусым. АҚШ-та футболдан өтіп жатқан Америка Кубогы турнирінде D тобының матчтары ойналды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Осы топта Аргентина мен Чили құрамаларының арасында өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Аргентина командасы ойынға мына құрамда шықты: Ромеро, Рохо, Мори, Отаменди, Меркадо, Маскерано, Аугусто, Банега, Гайтан (Краневиттер 87’), Ди Мария (Ламела 80’), Игуаин (Агуэро 74’). Ал Чили құрамасында Браво, Мена (Орельяна 54’), Хара, Медель, Босежур, Исла, Марсело, Арангис (Фуэнсалида 82’), Видаль, Санчес пен Варгас (Пинилья 68’) өнер көрсетті. Кездесуде үш голдың барлығы екінші таймда соғылды. Бірінші таймда командалар бір-біріне қауіпті жағдайлар жасағанымен ешқайсысы доп соға алмады. Ойынның бірінші жартысында Аргентина көбірек шабуылдады. Екінші таймның 51 минутында аргентиналық Ди Мария сол қапталдан ашылып, өзіне орталық алаңнан берген пасты әдемі тоқтатып, сол аяғымен қақпаның сол жақ бұрышына гол соқты. Содан кейін 59 минутта Аргентинаның жартылай қорғаушысы Банега да осыған ұқсас допты торға тоғытты. Ол Ди Мария сияқты қақпаның сол жақ бұрышын дәл көздеді. Чили командасы қосымша уақытта ғана есепті бір допқа қысқартты. Бұл голды 82 минутта алаңға Арангистің орнына шыққан Фуэнсалида соқты. Осы ойында Аргентина құрамында Месси ойнамады. Оның орнына Николас Гайтан шықты. Бұл жігіт Португалияның «Бенфика» клубында өнер көрсетеді. Месси қосалқы құрамда да болған жоқ. Аргентина ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Херардо Мартинидің айтуынша, «Альбиселестенің» капитаны төрт күннен кейін ғана алаңға шығады. «Месси төрт күннен кейін ойнайды. Сол кезде Лионель қатарға қосылса команда одан сайын жақсы ойнайды деп ойлаймын. Бүгін Гайтан да жақсы ойнады. Біз биылғы Америка Кубогын алумыз керек. Былтыр Чили финалда пенальтиде ғана кубокты жеңіп алды. Сондықтан кубок үшін шайқас төрешінің ысқырығына дейін болады. Нағыз айқастар әлі алда», деді ол. D тобындағы Панама мен Боливия арасындағы матчқа келсек, бұл ойын да тартысты өтті. Кездесуде панамалықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті. Дастан Кенжалин. Дерек, фото, euro-football.ru, ua-football.com Видео: vkontakte әлеуметтік желісі. 07.06.2016 AST-7
Соңғы жаңалықтар