АСТАНА. 7 маусым. Қазақстанның құқық қорғау органы 5 маусым күні Ақтөбе қаласында қақтығыс ұйымдастырғандардың есімдерін жария етті. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті қазіргі таңда 8 адамға іздеу жариялады. Олардың арасында 27 жастағы Ақтөбе тұрғыны Дмитрий Таңатаров, 25 жастағы Арсен Таңатаров, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы Михайловка елді мекенінің 30 жастағы тұрғыны Айдос Жұбанов бар.
Полиция сонымен қатар, Қызылорда облысы Сырдария ауданының 32 жастағы тұрғыны Бақыт Қуанышбаевқа, Ақмола облысы Есіл ауданының тұрғыны 30 жастағы Нұрлан Сейіловке, Ақтөбе облысының тұрғындары Әлібек Ақпанбетовке, Айдар Башимовке және Арман Айтуғанға іздеу салды.
Айта кетейік, қаруланған белгісіз топ өткен жексенбі күні Ақтөбедегі қару-жарақ сататын екі дүкен мен Ақтөбенің әскери бөліміне шабуыл жасады. Салдарынан алты адам қаза тауып, 38 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Қалада осыған байланысты антитеррористік операция режімі жарияланды. Нәтижесінде 13 экстремистің көзі жойылды.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: РИА «Новости».
• 07 Маусым, 2016
Ақтөбеде қақтығысты ұйымдастырушылар белгілі болды

Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Қоғам • Бүгін, 17:08
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 16:53
Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ма?
Білім • Бүгін, 16:35
Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:17
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Спорт • Бүгін, 16:04