02 Ақпан, 2011

Елбасы шешімін қолдады

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төр­ағасы, Литваның Сыртқы істер министрі Аудронюс Ажубалис Қа­зақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің өкілеттігі мерзімін ұзарту жөнінде референдум өткізбеу туралы шешіміне қолдау білдірді. Шешім Конс­титуциялық Кеңес Президенттің өкілеттік мерзімін референдум ар­қылы ұзарту туралы заң Конс­титуциялық емес деп танығаннан кейін қабылданған болатын. Ажубалис, сондай-ақ Президент Назарбаевтың мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы ұсынысын қаперге алды. «Ұйымның соңғы 11 жылдан кейін тұңғыш рет өткізілген Ас­та­надағы ЕҚЫҰ Саммитінде біз ақылға қонымды аралықта демо­кратиялық сайлаулар өткізуге қатысты мәселені қоса алғанда, ЕҚЫҰ міндеттемелеріне адалды­ғы­мызды тағы да қуаттаған бола­тынбыз. Бұл міндеттемелер бар­лық қатысушы мемлекеттерде сақ­талуы тиіс. Мен Қазақстан бас­шылығына аталған мәселеде қолдау білдіремін», – деп мәлімдеген ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы.