02 Ақпан, 2011

Кеше…

405 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
...ЖАСТАР АКЦИЯСЫ ӨТТІ Ержан БАЙТІЛЕС. Кеше Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Қы­­зылорда жастары» қауым­дас­тығының ұйымдастыруымен «Болашақтың іргесін бірге қа­лай­мыз!» атты жастар акциясы өтті. Акцияның басты мақсаты – Жолдаудың басым бағыттары мен негізгі міндеттерін түсіндіру және насихаттау, Жолдаудың ел дамуындағы маңызы мен құн­дылығын ұғындыру және жас­тардың патриоттығы мен белсенділігін арттыру болатын. Акцияға облыстағы жастар ұйымдарының өкілдері, мұнай­шы­лар, дәрігерлер, мұғалімдер, жо­ғары және арнаулы орта оқу орындары студенттері мен белсенді жастардан тұратын бар­лы­ғы 3000-ға жуық адам қатысты. Шара барысында облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Руслан Рүстемов тәуелсіздік жыл­дарындағы барлық жетістік­тердің негізі Елбасы Жолдауын­да жатқанын айтып, оның ел да­муына елулі үлес қосатынын баса жеткізді. Акция барысында қатысу­шы­лардың үндеуі жария етілді. Шара соңы Сыр өңірінің өнерлі өнерпаздарының концерттік бағ­дарламасына ұласты. Қызылорда. * * * ...ОНКҮНДІК БАСТАЛДЫ Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. Облыстық онкологиялық аурулар диспансері мен саламатты өмір салтын қалыптастыру орта­лығы бірігіп,   қатерлі ісік ауру­ла­ры профилактикасы бойынша онкүндік бастады. Дәрігерлер мен мамандар  қатерлі ісік тура­лы жұртшылықты көбірек хабардар ету, олардың  санитарлық мә­дениетін көтеруді басты мақ­сат етіп отыр. Өйткені, қатерлі ісікті ерте сатысында анықтау адам өмірінің кепілі болып табылады. Облыста 2010 жылы 2178 ауру анықталған, соның 19 пайызы ісіктің асқынып кеткен кезінде тіркелген. Бүгінде Қостанай облысы бойынша  11 мыңнан аса  осы қатерлі ауруға шалдыққан жан­дардың  тең жартысына жуы­ғы бес жылдан астам өмір сүруде. Олар құлантаза айығады деген де дәрігерлер үміті бар. Он күн бойы онкологиялық диспансерде дәрігерлер лекциялар оқы­ды, тілек білдіргендердің тексерілуіне де бар мүмкіндік жасалған. Қостанай. * * * ...СОТ ТӨРЕЛІГІ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ Елімізде сот төрелігін тек сот қана жүзеге асыратыны Конституцияда атап көрсетілген. Демек, сотқа түскен істерді қараған кезде сот төрелігінің сапасы заңдылықтың сақталуы,  шағым­дардың қаралу нәтижесі аталған сала қызметкерлерінен кәсіби біліктілік пен жауапкершілікті талап етеді. Осыған орай кеше об­лыстық сотта өңір судья­лары­ның өткен жылы сот төре­лігін жүзеге асыру қорытындысы қаралған мәжіліс өтті. Мәжілісте 2010 жылы облыс  соттары жүзеге асырған сот төрелігі қызметін алқа төр­аға­лары Л.Мерекенов пен Е.Тоты­байтегі қорытындылап,  сот актілері­нің саны мен сапасына тоқталды. Облыстық сот төрағасы М.Тай­­мерденов соттардың тек әділ­дік, заңдылық және нақты­лықпен қабылдаған шешімдері ғана жа­ғымды қоғамдық пікір қалып­тастырғанын жеткізді. Сот төре­лігі көрсеткіштерін төмен­дет­кен судьяларға алда талап қатал болатыны қатаң ескертілді. Өткен жылдың қоры­тын­дысын екшеген жиын билердің кәсіби білім-білігін  екшеді. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.