Соңғы уақыттары Оңтүстікте базар өртену оқиғалары жиілеп кетті. Мамыр айының өзінде «Исатай», сәл кейінірек көтерме бағамен жұмыс жасайтын «Акбар» базарында өрт шықты. Өрт сөндірушілер қуаттың тұйықталуынан дегенімен, кейбір базардың иелерімен сөйлескенімізде, өзімен бәсекелес әлдекімдерден көріп, кіжініп отырғанын байқағанбыз. Бірінші себеп рас бола-ақ қойсын, бірақ несие алып, өз арбасын өзі сүйреп жүрген қарапайым адамдарға өте обал. Қазіргідей уақытта шекесі қызып жүрген ешкім жоқ қой.
Жақында қалалық әкімдікте базардағы өрт себептері және оның алдын алуға байланысты жиын өтті. Әкімдіктен бөлек, төтенше жағдайлар департаменті және кәсіпкерлер қатысқан жиында Шымкенттегі 33 базардың 20-сы өте қауіпті жағдайда екені айтылды. Мамандардың зерделеуі бойынша, барлық базарларда реконструкция жүргізіліп, онсыз да тар сауда алаңдары аумағында нүктелерді көбейткен. Базар қожайынына қосымша табыс көзі болғанымен, тауарлы материалдық бағалы дүниелер шектен тыс көбейіп, есесіне өртке қарсы шараларды іске асыруға мүмкіндіктер мейлінше азайған.
Өртке қарсы нормалар бойынша базардағы қоймалар мен сауда нүктелерінің арасында қалың қабырға болу керек. Алайда, бір жерден шыққан өрттің екінші жаққа өтпеудің алдын алатын өртке қарсы қабырғалар Шымкенттегі барлық базардың бірінде жоқ. Мәселен, 2014 жылы жеті өрт, 2015 жылы төрт, ал соңғы бес айда үш өрттің шығу себептері осындай қорқаулық ниетте жатыр.
Талдау материалдары көрсеткендей өрттің шығуы негізінен электр тоқтарының тұйықталуынан болады екен. Өрт салдарынан базар иесі мен кәсіпкерлер 1 млрд. 885 млн. теңге шығын көрген.
Шымкент қаласы әкімдігінде өткен жиында қала әкімі Ғ.Әбдірахымов тиісті орындарға қала базарларына талдау жасап, өрт шығу қауіпсіздігінің алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше