2011 жылғы 25-28 қаңтарда Қазақстан Республикасының төрағалығымен Пекинде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің (ШЫҰ ҰҮК) кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында Ұйымға мүше мемлекеттер (Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ШЫҰ құрылуының он жылдығына арналған мерейтойлық саммитті 2011 жылғы 15 маусымда Астанада өткізу туралы ұсынысын бірауыздан қолдады.
Осылайша, Астана саммиті «Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылған күні» өткізілетін болды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.