03 Ақпан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 24

483 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2011 жылғы 21 қаңтар, Астана   Үкімет Үйі Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы кедендік ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 115, 119-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Кеден органдары алатын кеден алымдарының, алымдар мен төлемдердің ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 шілдедегі № 669 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 28, 277-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 шілдедегі № 669 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1293 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 48, 595-құжат). 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы №24 қаулысымен бекітілген Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары
Кедендік төлемнің атауы Евромен ставкасы
Тауарларды  кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар тауар декларациясының негізгі парағы үшін 60 евро; тауар декларациясының әрбір қосымша парағы үшін 25 евро
Кедендік   сүйемелдеу   үшін кедендік алымдар 50 км дейінгі қашықтықта 11 евро, 50-ден 100 км дейінгі қашықтықта 16 евро, 100-ден 200 км дейінгі қашықтықта 26 евро, 200-ден 400 км дейінгі қашықтықта 128 евро, 400-ден 600 км дейінгі қашықтықта 178 евро, 600-ден 800 км дейінгі қашықтықта 283 евро, 800-ден 1000 км дейінгі қашықтықта 385 евро, 1000-ден 1500 км дейінгі қашықтықта 523 евро, 1500-ден 2000 км дейінгі қашықтықта 743 евро, 2000-ден 2500 км дейінгі қашықтықта 878 евро.
Алдын    ала    шешім    үшін төлем 70 евро