03 Ақпан, 2011

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы №388

366 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2010 жылғы 17 қараша, Астана қаласы Тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы «Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1 бабы 2-тармағы 3) тармақшаға сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.К. Әбдібековке жүктелсін. 4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы А.РАУ. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 17 қарашадағы №388 бұйрығымен бекітілген Тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесі 1. Құқықтық мәртебесiн растайтын құжаттар: жеке басты куәландыратын құжаттың көшір­месі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа ұсы­нылмаған жағдайда куәландырған көшірме) – жеке тұлғалар үшін; заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігі және жарғысының көшірмесі (са­лыс­тырып тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдай­да куәландырған көшірме) – заңды тұл­ғалар үшін; жеке кәсіпкердің заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда куәландырған көшірме) – жеке кәсіпкерлер үшін. 2. Сыртқы сауда келiсiм-шартының (шарт­тың) түпнұсқасы мен көшiрмесi. 3. Тауардың толығымен Қазақстанда шыға­рылғаны туралы растайтын құжаттардың түп­нұсқасы мен көшiрмесi (тауарды өндірушімен және тауарды алу туралы келісім, шикізатты өнімдеу және жасау құқығы бар құжат, тауарды алыс-беріс туралы құжаттары). 4. Қызмет түрiне берiлетiн лицензияның түпнұсқасы мен көшiрмесi. 5. Тауарды жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу өл­шемдерiн айқындауға арналған құжаттардың түпнұс­қасы мен көшiрмесi (тауардың өндіруінде қолданы­латын шикiзат пен құрауыштарға келісімдер мен төлемді құжаттар, техникалық про­цестің қысқаша сипаттамасы, нормативтік құ­жаттар, шетелде шыға­рылған пайдала­нылатын шикiзат немесе құрауыш бағасын ескере отырып тауардың өзiндiк құн есебiнің шығын калькуля­циясы, сонымен қатар көлiктiк және басқа жүкқұжаттар). 6. Егер тауар жануарлардан алынған, өзен және теңiз кәсiпшiлiгiнен шыққан болса, вете­ри­нариялық сертификаттың түпнұсқасы мен көшiрмесi. 7. Қоймадағы тауардың бар екендiгi және мөлшерi туралы қойманың мекен-жайы көрсе­тiлген қоймалық анықтаманың түпнұсқасы мен көшiрмесi (қажет кезінде). 8. Жемiс-көкөнiс өнiмдерi үшiн: тауар өндi­рушiмен жасалған шарттың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесiн мiндеттi түрде ұсынумен, өтiнiш берiлген өнiм легiнiң көрсетiлген аумақта өсiрiлгенi туралы Қазақстан Республикасының тиiстi аумақтық бiрлiгiнiң жергi­лiктi атқарушы органының растау анықтамасының түпнұсқасы мен көшiрмесi және өнiмдi өндiрушiмен жасалған шарт, тауарды сатып алу шарты. 9. Қазақстан Республикасынан тауарды кері экспорттау кезінде: тауарды алу туралы құжаттар (келісім, шот-фактура), Қазақстан Республи­ка­сының территориясына тауарды жеткізуді рас­тайтын құжаттар (кедендік жүк декларациясы, тауардың шығу тегі туралы сертификатт). Ескертпе: Құжаттардың түпнұсқалары олар­ды көшiрмелерiмен салыстырып тексергеннен кейiн өтiнiш берушiге қайтарылады. –––––––––––––––– Бұйрық Қазақстан Республикасының Әді­лет министрлігінде 2010 жылғы 13 желтоқ­санда Нормативтік құқықтық кесімдерді мем­лекеттік тір­кеудің тізіліміне №6673 болып енгізілді.