2010 жылғы 13 қазан, Астана қаласы
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өзi жүретiн шассилер мен механизмдердi, олардың тіркемелерін, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 467 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-20 бабына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өзi жүретiн шассилер мен механизмдердi, олардың тіркемелерін, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 467 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2564 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жаряланған, 2003 ж., № 43-48, 902-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақта «Агроөнеркәсіптік кешеннің техникалық саясат департаментіне (Қ. Коскин)» деген сөздер «Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта «Вице-Министр А. Евниевке» деген сөздер «жетекшілік ететін Вице-министрге» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өзі жүретiн шассилер мен механизмдердi, олардың тіркемелерін, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді, өзі жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу ережелерінде:
кіріспедегі 1) тармақшада «аумақтық Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің инспекциясы Мемлекеттiк техникалық инспекцияларының» деген сөздер «Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың екінші бөлімі алынып тасталсын;
2-тармақ алынып тасталсын;
4-тармақта «тiркеу пункттерiнiң тиесiлi iс-әрекеттерiн iске асыру үшiн осы Ережелермен бекiтiлген барлық iс-әрекеттердi жасайды» деген сөздер «осы Ережелермен бекiтiлген машиналарды тіркеу (қайта тіркеу) үшін iс-әрекеттердi жасайды»деген сөздермен ауыстырылсын;
5, 6 және 7-тармақтар алынып тасталсын;
8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Тіркеуге (қайта тіркеуге) ұсынылған құжаттарда мыналар көрсетiлуi тиiс:»;
9-тармақтағы «өзге де» деген сөзі алынып тасталсын;
12-тармақтағы «көмектесуге мiндеттi» деген сөздер «көмектеседі» деген сөзбен ауыстырылсын;
13, 14-тармақтар алынып тасталсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қазақстан Республикасына әкелінетін, шетел тауары болып табылатын машиналар міндетті кедендік ресімдеуден өткенен кейін тіркеледі.
Қазақстан Республикасына әкелінетін, кедендік одақ тауары болып табылатын машиналар міндетті ресімдеуден өтпей-ақ тіркеледі.»;
17-тармақтың 8) тармақшасы алынып тасталсын;
18-тармақтағы «және өзге» деген сөздер алынып тасталсын;
19, 21-тармақтар алынып тасталсын;
22-тармақта екінші бөлім алынып тасталсын;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Заңды тұлға жарғысы негізінде машиналарды сатуды жүзеге асыратын машина жасаушы зауыттардың, сауда немесе басқа ұйымдардың сатуға арналған және олармен жеке шаруашылық мақсатарда пайданылмайтын машиналары тiркелмейді.»;
26-тармақта екінші сөйлем алынып тасталсын;
27-тармақта:
бірінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Машинаны тіркеу кезінде оларға байқау жүргізіледі.»;
екінші бөлімнің 3) тармақшасы алынып тасталсын;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Машиналарды тіркеу пунктіне алып келуге кедергi болатын жағдайларда (бұзылып қалу, машинаның габариті және (немесе) техникалық сипаттамасы мүмкіндік бермейді) машинаны байқау осы Ережеге 2 қосымшаға сәйкес нысанда техникалық байқау актісі жасалып машинаның тұрған жерi бойынша жүзеге асырылады. Мұндай актiнiң жарамдылық мерзімі 30 күнтізбелік күнді құрайды»;
31-тармақтағы «сонымен қатар осы Ережелерден туындайтын iс-әрекеттер» деген сөздер алынып тасталсын;
32-тармақта «тiркелуге болады» деген сөздер «тіркеледі»деген сөзбен ауыстырылсын;
33-тармақ алынып тасталсын;
34-тармақтың бірінші сөйлемі алынып тасталсын;
36-тармақта:
8) тармақшада «құжаттар көшiрмелерi,» деген сөздерден кейін «осы тармақтың 8-1) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8–1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) тауардың шығу сертификатының көшірмесін, кедендік одақ тауары болып табылатын машиналарды әкелу туралы және де салыстырылып тексеру үшін жанама салықтарды төленгені туралы салық органың белгісі бар жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесі мен түпнұсқасы.
Ескерту. Көрсетілген өтініштің түпнұсқасы ұсынушыға қайтарылуға жатады;»;
40-тармақтағы «ұсынуға мiндеттi» деген сөздер «ұсынады» деген сөзбен ауыстырылсын;
41-тармақта «машиналарды аукционға немесе биржаға заңды түрде ұсынылғаны олардың нақты иелерге сатылғаны туралы тиiстi мөрлерiмен әрi өкiлеттi тұлғалардың қолдарымен куәландырылған аукциондық және биржалық анықтамалар» деген сөздер «тиiстi өкiлеттi тұлғаның қолымен және мөрiмен куәландырылған аукцион хаттамасы мен сатып-алу келісім шарты» деген сөздермен ауыстырылсын;
47-тармақтағы «иелерiн жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi» деген сөздер «иелеріне үш жұмыс күн ішінде хабарлайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
48-тармақта үшінші, төртінші және бесінші абзацтар алынып тасталсын;
49-тармақ алынып тасталсын;
54-тармақтағы «немесе аумақтық органдардың тiркеушi пункттерi» деген сөздер алынып тасталсын;
55, 57-тармақтар алынып тасталсын;
59-тармақтағы «,сақталады және тиiстi тәртiппен жойылады» деген сөздер алынып тасталсын;
«табылып» деген сөз «табылады» деген сөзбен ауыстырылсын;
61-тармақ алынып тасталсын;
63-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
71-тармақтағы «және (жылжымайтын мүлiктi тiркеу орталығынан) машинаның кепілдiкте тұрмағаны туралы анықтама» деген сөздер алынып тасталсын;
73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«73. Соттың және басқа да құзыретті мемлекеттік органдардың шешімдерімен машинаны есептен шығаруға уақытша шектеу қойылады.».
2. Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық бірінші ресми жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап пайда болған қатынастарға таратылады.
Министр А. Күрішбаев.