03 Ақпан, 2011

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің бұйрығы № 652

357 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
2010 жылғы 13 қазан, Астана қаласы «Тракторларды және олардың базасында жасалған өзi жүретiн шассилер мен механизмдердi, олардың тіркемелерін, соған қоса  арнайы жабдық орнатылған  тіркемелерді, өзі жүретін ауыл  шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 467  бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Кодексінің (Салық кодексі) 276-20 бабына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақ­тарды дамытуды мемлекеттік реттеу ту­ралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өзi жүретiн шассилер мен механизм­дердi, олардың тіркемелерін, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді, өзі жүретін ауыл шаруа­шылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы маши­налары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машина­ларды мемлекеттік тіркеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Рес­публикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақ­стан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қыр­күйектегі № 467 бұйрығына (Нормативтік құ­қық­тық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2564 болып тіркелген, Қазақстан Рес­публи­касының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жаряланған, 2003 ж., № 43-48, 902-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 2-тармақта «Агроөнеркәсіптік кешеннің тех­никалық саясат департаментіне (Қ. Коскин)» деген сөздер «Егіншілікті дамыту және фито­са­нитариялық қауіпсіздік департаменті» деген сөздермен ауыс­тырылсын; 4-тармақта «Вице-Министр А. Евниевке» деген сөздер «жетекшілік ететін Вице-министрге» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Трактор­лар­ды және олардың базасында жасалған өзі жүретiн шассилер мен механизмдердi, олардың тіркемелерін, соған қоса арнайы жабдық орна­тылған тіркемелерді, өзі жүретiн ауыл шаруа­шылығы, мелиоративтiк және жол-құры­лысы машиналары мен механизм­дерiн, сондай-ақ жо­ғары өтімді арнайы маши­наларды мемлекеттiк тiркеу ережелерінде: кіріспедегі 1) тармақшада «аумақтық Агро­өнер­кәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция коми­тетінің инспекциясы Мемлекеттiк техника­лық инс­пекцияларының» деген сөздер «Агро­өнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық органдарының» деген сөздермен ауыс­тырылсын; 1-тармақтың екінші бөлімі алынып тасталсын; 2-тармақ алынып тасталсын; 4-тармақта «тiркеу пункттерiнiң тиесiлi iс-әрекет­те­рiн iске асыру үшiн осы Ережелермен бекiтiлген барлық iс-әрекеттердi жасайды» деген сөздер «осы Ережелермен бекiтiлген машина­ларды тіркеу (қайта тіркеу) үшін iс-әрекеттердi жасайды»деген сөздермен ауыстырылсын; 5, 6 және 7-тармақтар алынып тасталсын; 8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «8. Тіркеуге (қайта тіркеуге) ұсынылған құжаттарда мыналар көрсетiлуi тиiс:»; 9-тармақтағы «өзге де» деген сөзі алынып тасталсын; 12-тармақтағы «көмектесуге мiндеттi» деген сөздер «көмектеседі» деген сөзбен ауыстырылсын; 13, 14-тармақтар алынып тасталсын; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Қазақстан Республикасына әкелінетін, шетел тауары болып табылатын машиналар міндетті кедендік ресімдеуден өткенен кейін тіркеледі. Қазақстан Республикасына әкелінетін, кедендік одақ тауары болып табылатын машиналар міндетті ресімдеуден өтпей-ақ тіркеледі.»; 17-тармақтың 8) тармақшасы алынып тасталсын; 18-тармақтағы «және өзге» деген сөздер алынып тасталсын; 19, 21-тармақтар алынып тасталсын; 22-тармақта екінші бөлім алынып тасталсын; 24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «24. Заңды тұлға жарғысы негізінде маши­на­ларды сатуды жүзеге асыратын машина жасаушы зауыттардың, сауда немесе басқа ұйымдардың са­туға арналған және олармен жеке шаруа­шылық мақ­сатарда пайданылмайтын машина­лары тiркелмейді.»; 26-тармақта екінші сөйлем алынып тасталсын; 27-тармақта: бірінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын: «27. Машинаны тіркеу кезінде оларға байқау жүргізіледі.»; екінші бөлімнің 3) тармақшасы алынып тасталсын; 28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «28. Машиналарды тіркеу пунктіне алып келуге кедергi болатын жағдайларда (бұзылып қа­лу, ма­ши­наның габариті және (немесе) техни­калық сипат­тамасы мүмкіндік бермейді) маши­наны байқау осы Ережеге 2 қосымшаға сәйкес нысанда техникалық байқау актісі жасалып машинаның тұрған жерi бойынша жүзеге асы­рылады. Мұндай актiнiң жарамдылық мерзімі 30 күнтізбелік күнді құрайды»; 31-тармақтағы «сонымен қатар осы Ережелерден туындайтын iс-әрекеттер» деген сөздер алынып тасталсын; 32-тармақта «тiркелуге болады» деген сөздер «тіркеледі»деген сөзбен ауыстырылсын; 33-тармақ алынып тасталсын; 34-тармақтың бірінші сөйлемі алынып тастал­сын; 36-тармақта: 8) тармақшада «құжаттар көшiрмелерi,» деген сөздерден кейін «осы тармақтың 8-1) тар­мақ­шасында көрсетілген жағдайларды қоспаған­да» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 8–1) тармақшамен толықты­рылсын: «8-1) тауардың шығу сертификатының көшір­месін, кедендік одақ тауары болып табылатын машиналарды әкелу туралы және де салысты­рылып тексеру үшін жанама салықтарды төлен­гені туралы салық органың белгісі бар жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесі мен түпнұсқасы. Ескерту. Көрсетілген өтініштің түпнұсқасы ұсыну­шыға қайтарылуға жатады;»; 40-тармақтағы «ұсынуға мiндеттi» деген сөздер «ұсынады» деген сөзбен ауыстырылсын; 41-тармақта «машиналарды аукционға немесе биржаға заңды түрде ұсынылғаны олардың нақты иелерге сатылғаны туралы тиiстi мөр­лерiмен әрi өкiлеттi тұлғалардың қолдарымен куәландырылған аукциондық және биржалық анықтамалар» деген сөздер «тиiстi өкiлеттi тұл­ғаның қолымен және мөрiмен куәландырылған аукцион хаттамасы мен сатып-алу келісім шарты» деген сөздермен ауыстырылсын; 47-тармақтағы «иелерiн жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi» деген сөздер «иелеріне үш жұмыс күн ішінде хабарлайды» деген сөздермен ауыстырылсын; 48-тармақта үшінші, төртінші және бесінші абзацтар алынып тасталсын; 49-тармақ алынып тасталсын; 54-тармақтағы «немесе аумақтық органдар­дың тiркеушi пункттерi» деген сөздер алынып тасталсын; 55, 57-тармақтар алынып тасталсын; 59-тармақтағы «,сақталады және тиiстi тәр­тiппен жойылады» деген сөздер алынып тас­талсын; «табылып» деген сөз «табылады» деген сөзбен ауыстырылсын; 61-тармақ алынып тасталсын; 63-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын; 71-тармақтағы «және (жылжымайтын мүлiктi тiркеу орталығынан) машинаның кепілдiкте тұр­мағаны туралы анықтама» деген сөздер алынып тасталсын; 73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «73. Соттың және басқа да құзыретті мемлекеттік органдардың шешімдерімен машинаны есептен шығаруға уақытша шектеу қойылады.». 2. Егіншілікті дамыту және фитосани­та­рия­лық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республи­касының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық бірінші ресми жариялған кү­нінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жыл­дың 1 шілдесінен бастап пайда болған қатынастарға таратылады. Министр А. Күрішбаев.