2015 жылғы 18 мамыр, Астана қаласы
«Интернатура және резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің
2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. «Интернатура және резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2008 жылғы наурыз, № 3, 311-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы»;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Интернатурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесі»;
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесі»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Интернатурада клиникалық мамандар даярлау тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Интернатурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесі»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесі»;
11 және 32-тармақтар алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.ДҮЙСЕНОВА
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 19 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11405 болып енгізілді.