11 Маусым, 2016

Жүрегін 17 ай арқалаған...

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
10-06-2016 Жүрек 17 айАҚШ-та Стэн Ларкин есімді 25 жастағы жігіт 17 ай бойы жүрексіз өмір сүріп келген екен. Дәрігерлер маңызды органның орнына арнайы аппарат қойған. Пациент оны сөмкесіне салып арқалап жүріпті. Осыдан 10 жыл бұрын ағасы екеуіне «отбасылық кардиомиопатия» деген диагноз қойылған. Ол – тұқым қуалайтын мио­кард дерті. Адамның 10-20 жас аралығында жүрегі сыр бе­ріп, жұмыс істеуін тоқтатады. 2014 жылдың желтоқсан айында Ларкиннің осы органын алып тастапты. Мамандар оның орнына жасанды жүрек қойып, салмағы 6 кило болатын SynCardia Freedom Portable Driver аппаратына жалғаған. Ол адам ағзасында қан айналым жүйесін қамтамасыз етеді. Осы ағзаға байланысты айық­пас дертке шалдыққандар үшін бұл – таптырмас құрылғы. Жүректің қызметін толығымен атқара алады. SynCardia Freedom Portable Driver 2014 жылы бүкіл клиникалық сынақтардан сәтті өткен. Ал сол жылы Авс­тралияда хирург мамандары дүниежүзінде алғашқы болып жасанды жүректі үш адамға қойыпты. Бәрі сәтімен жүзеге асқаны ғалымдарды еріксіз таңғалдырды. Жаңа технологиялар органдарды ауыстыру кезінде адам өмірін кем дегенде 30 пайызға дейін сақтайды. Қазіргі таңда әлемде көпте­ген адам орган ауыстырудан қиындық көруде. Мәліметтер бойынша, бір ғана АҚШ-та трансплантация үшін 121 мың адам кезекте тұр. Ал бұл істі дер кезінде жүзеге асыра алмаудың салдарынан күніне орташа есеппен 22 адам қайтыс болады екен. Аян ӘБДУӘЛИ, «Егемен Қазақстан»