11 Маусым, 2016

«Денсаулық» пойызы сапарға аттанды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Денсаулық» пойызы сапарға аттандыКеше Алматы-2 стансасынан «Ден­сау­лық» арнайы мамандандырылған ме­ди­циналық пойызы сапарға аттанды. Пойыз 11 тамызға дейін оңтүстік өңір­лерді қамтиды. «Доңғалақты» емхана­ның» қызметіне шалғай стансалар мен жол айы­рықтарының тұрғындары мен темір­жол­шылары жүгінеді. Мамырдың ортасынан бері солтүстік өңірлерді медициналық қызмет түрімен қамтуға «Саламатты Қазақстан» кеңес беру және диагностикалық қызмет пойызы алыс елді мекендердің тұрғындарына көмек көрсетуде. Батыс өңірдің тұрғындарына «Жәрдем» медициналық пойызының дәрігерлер бригадасы қызмет көрсетуде. «Шоққарағай стансасында тұрамын. 26 жыл жол монтері болып еңбек еттім. Қазір құрметті еңбек демалысындамын. Мамандардың дәрігерлік тексеруінен өттім. Осындай пойызды ұйымдастырған­дарға алғысым шексіз», дейді  Валентина Максимович. Арнайы медициналық пойыз соңғы үлгідегі диагностикалық және емдеу құрылғыларымен, мини-оташылық, зертханалық, телекомму­никациялық қондырғылармен жабдықталған. «Саламатты Қазақстан» мен  «Жәрдем» медициналық пойыздары 40 стансада болып, шалғай өңірдегі 39 мың тұрғынға қолұшын созды. Мамандар 13 мың медициналық және зертханалық сараптаулар мен 1638 шағын оташылық операциялар жасады. 1784 адамның тісін емдеді, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.