Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева бастаған делегация Норвегия Корольдігінде сапармен жүр, деп хабарлады Қазақстан Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Делегация құрамында Парламент Мәжілісінің депутаттары Светлана Бычкова, Наталья Жұмаділдаева, орталық және жергілікті атқарушы, құқық қорғау және сот органдарының, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілдері бар.
Сапар мақсаты – Қазақстан Республикасында балаларға қатысты заң жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес дамыту, бала құқықтарын қорғау және мониторинг жүргізу саласында, мемлекеттік органдардың Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара қарым-қатынасы, қылмыс құрбандары мен куәгерлері болған балаларды қорғаудың механизмдері бойынша тәжірибе алмасу.
Сапардың бірінші күнінде Қазақстанның Норвегиядағы елшісі Қайрат Әбусейітовпен және Норвегиядағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Анне Линдбоуемен кездесулер өткізілді. Сонымен қатар, Қазақстан делегациясы Сыртқы істер, Балалар, теңдік және интеграция, Денсаулық және әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым, Әділет министрліктеріне, ЮНИСЕФ-тің үйлестіру орталығына, Орталық Азия бюросына, Бала құқықтары жөніндегі үйлестіру орталығына, Парламентке, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық институтқа, Полиция жанындағы балалар үйіне, прокуратураға, Норвегияның сот басқармасына, Осло және Акерсхуса университеттік колледжіне барды.
Сапар БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен ұйымдастырылды.

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше