11 Маусым, 2016

Ірі бокс-ивент өткізілмек

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
244A3377«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов бокстан әлем чемпионы, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген спорт шебері Геннадий Головкинмен кездесті. Ұлттық компания басшысы ЭКСПО-2017 көрмесін ілгерілету ба­ғытында атқарып жатқан жұмы­сы үшін спортшыға алғыс білдірді. «Біздің компания сіздің тамаша спорттық жетістіктеріңізді зор ынтызарлықпен қадағалап отырады. Біріншіден, біз, барлық қазақстандықтар сияқты өзіңізді еліміздің мақтанышы санаймыз. Екіншіден, көрмені әлемге таныту бастамасын мойныңызға алғаныңызға шексіз қуаныштымыз», – деді Ахметжан Есімов. Өз кезегінде, Геннадий Головкин Көрме тақырыбының маңыздылығын жеткізу барысында барлық күш-жігерін салатындығын айтты. «Мен үшін ЭКСПО-2017-нің ресми елшісі болу әрі тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең бір ауқымды жобалардың бірін таныстыру – үлкен мәртебе», – деді Г.Головкин. Кездесу барысында халықаралық дәрежедегі спорт шеберімен Қазақстанда ірі бокс-ивентті өткізуді әрі бұл спорттық шараны «Астана ЭКСПО-2017»-ге орайластыру мәселесі талқыланды.