11 Маусым, 2016

Елшімен салиқалы әңгіме

370 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Бақтықожа ІзмұхамбетоЕліміз Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарниковті қабылдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Тараптар екі мемлекет прези­денттерінің салиқалы саясатының арқасында қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан мен Ресей ара­сындағы стратегиялық әріптес­тік жайына айрықша назар аударды. Мәжіліс Төрағасы мейман­ды жыл сайын 12 мау­сымда аталып өтетін Ресей күні ме­рекесімен құттықтай келіп, Ре­сей Федерациясы әр кезде Қазақ­станның маңызды әріптесі әрі одақ­тасы және сенімді досы болып қала беретінін жеткізді. Өз кезегінде елші кешегі ұлт­тық аза тұту күніне байланысты көңіл айту білдірді. Осы ретте Мәжіліс Төрағасы Ақ­төбеде орын алған аяусыз, қас­көй лаңкестік әрекетті айыптай келіп: «Бұл біздің жас мемлекетіміз үшін ащы сабақ болды. Қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық біздің көп ұлтты Қазақстанымыздың бас­ты құндылықтары болып табылады. Елбасымыз, Үкімет, Пар­ламент, басқа да құзырлы органдар алдағы уақытта мұндай жағдайдың алдын алу үшін тиісті шараларды қолға алатыны сөзсіз», – деді. Одан әрі тараптар екі мемлекет арасындағы халықаралық қауіпсіздік, мәдени-гуманитарлық байланыс мәселелерін талқылады. Кездесу иелері әлемдік эконо­мика­лық дағдарыс екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қаты­настың дамуына өз салқынын тигіз­генін, алайда, өткен жылдың қаң­тар айынан іске кіріскен ЕАЭО біз­дің елдеріміздің ұлттық экономи­ка­сын тұрақтандыруда айрықша рөл ат­қарып келе жатқанын атап өтті. Қазақстан-Ресей әріптестігінің барлық салада жан-жақты, табыс­ты дамып келе жатқанын алға тартқан М. Бочарников 2017 жылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толатынын еске салды. Б.Ізмұхамбетов пен М.Бочар- ­ников парламентаралық ын­тымақтастықты нығайтудың маңыз­дылығына да назар аударды. Қа­зіргі уақытта Парламент Мәжі­лісі мен Мемлекеттік Дума ара­сында өзара іс-қимыл орнатыл­ған. Палаталар арасында ынты­мақтастық туралы келісім бар. Де­путаттар ТМД Парламентаралық Ас­сам­блеясы, ҰҚШҰ, ЕҚЫҰ Пар­ла­мент­тік Ассамблеясы аясында жемісті еңбек етуде. Мәжіліс Спикері атап өткен­дей, Ресей Федерациясы Феде­рал­дық Жиналысы Федерация Кеңесі­нің Төрайымы Валентина Мат­виенконың жуырдағы Қазақстанға сапары парламентаралық ынты­мақ­тастықты дамытуға өзіндік серпін берген.