Мәжіліс Спикері Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі қаралып, депутаттар назарына 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан мен Ресей арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылмақ.
Хаттама екі мемлекеттің атынан уәкілетті ұйымдар арқылы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбіндегі кенді Қазақстанда «Құрманғазы» («Құлалы»), Ресейде «Центральная» және «Хвалынское» кен орындары құрылымдарында бірлесіп игеруге құқықтық негіздерді белгілейді.
Алдағы жалпы отырыста Мәжіліс өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша, сондай-ақ, әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметіне қатысты түзетулерге арналған заң жобаларын жұмысқа қабылдайды деп күтілуде.
Сонымен қатар, осы күні Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың қызметін жалғастыру туралы келісімді және 1994 жылғы 15 сәуірдегі Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға байланысты бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімі тағайындалатын болады.

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше