11 Маусым, 2016

Көңіл айту жеделхаттары келді

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­тың атына Беларусь Респуб­лика­сының Пре­зиденті Александр Лукашенкодан көңіл айту жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Қазақ­стан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Жеделхатта Беларусь елінің Ақтөбедегі әскери қызметшілер мен бейбіт тұрғындарды қазаға ұшыратқан террористік акт туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны аталып өткен. «Беларусь терроризмнің кез келген көрінісіне ымы­расыз қарсы тұру ісінде достас Қазақстанмен әркез ын­тымақтастықта болады», – делінген жеделхатта. А.Лукашенко Қазақстан Президентіне, қаза болғандардың отбасы мен жақындарына шын ниетпен көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. *** Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Татарстан Республикасының Президенті Рус­там Миннихановтан көңіл айту жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің баспасөз қызметі. Р.Минниханов Нұрсұлтан Назарбаевқа Ақтөбеде болған қайғылы оқиғаларға байланысты шын ниетпен көңіл айтты. «Адамдарды қазаға ұшыратқан қатыгез экстре­мистік шабуыл біздің зығырданымызды қай­натты. Қылмыскерлер табылып, заңды жазасын алады деп сенеміз. Қаза болғандардың жақын­дарына қайғысына ортақтасып, шын ниетпен қолдай­ты­нымызды, аяусыз қылмыс кезінде зардап шеккен­дердің бәрінің тезірек сауығып кетуіне тілектес­тігімізді  жеткізуді өтінеміз», – делінген жеделхатта.