Қазіргі таңда Риддер қаласы үшін ең негізгі қажетті мамандықтардың бірі дәрігер мен мұғалім болып тұр. Осы санаттағы қажеттілікті қамтамасыз ету үшін қалаға 49 мұғалім мен 12 дәрігер керек. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Риддер қаласының әкімі Жомарт Мұратов мәлімдеді.
Риддердің денсаулық сақтау мекемелерінде 795 медицина қызметкері еңбек етеді. Қабылданған шараларға қарамастан, қалада дәрігер мамандарына деген тапшылық сезіледі. Риддер қаласы әкімінің айтуынша, қала басшылығы түрлі бағыттағы 12 дәрігерді жұмыспен қамтумен бірге олардың тұрғын үй мәселесін де шешіп беруге дайын. Әсіресе, орта медициналық қызметкерлер жетіспейді.
Бүгінде Риддер бойынша педагогика мамандарының жалпы саны 484 адамды құрайды. Олардың ішінде 84 мұғалім – зейнеткерлік жаста. Биыл заңды демалысқа 40 адам шықты. Жалпы білім беру мектептеріндегі педагогтарға деген сұраныс 30 адамға жетсе, мектепке дейінгі мекемелерге 19 маман керек.
«Біз мұғалімдердің тапшылығын анық сезіп жүрміз. Олардың арасында бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдері, музыка пәнінің мұғаліміне дейін жетіспейді. Сонымен қатар, бізге дәрігерлер де керек. Біз шаһарымызда өмір сүруге қолайлы жағдай жасай отырып, осы тапшылықты еңсерудеміз. Сондықтан, қаламызға келген әр мұғалім мен дәрігерді қолдауға әзірміз», – деді Жомарт Мұратов.
Думан Анаш.
Дерек, фото: Шығыс Қазақстан өңірлік коммуникациялық қызметі.
• 11 Маусым, 2016
Риддерде дәрігерлер мен мұғалімдерге баспана беріледі

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше