Қарағанды облысында елді мекендерге жақын орналасқан, көпшіліктің барып шомылуына рұқсат етілген 47 су айдыны бар. Шомылу маусымы басталмас бұрын, осы өзен-көлдерге тұтынушылар құқын қорғау департаментінің мамандары санитарлық-эпидемиологиялық тексеру жүргізіп және оларды күн суытқанша бақылауда ұстайды.
Қазірдің өзінде өңірдегі сулардың санитарлық-химиялық, микробиологиялық көрсеткіштеріне 118, паразитологиялық көрсеткіштеріне 94 рет тексеру жүргізілді. Бұл орайда су сапасы барлық талаптарға сай. Тексерулер суға ғана емес, осы маңайдағы топыраққа да жүргізілді. Химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге жасалған 92, паразитологиялық 126 тексерудің бәрі де топырақ қабаттарының жарамдылығын көрсетті.
Тұтынушылар құқын қорғау департаменті, сол сияқты, иесіз су айдындарын қандай да бір жауапты орынға бекітіп беру бойынша да жұмыстар жүргізеді. Бұл олардың санитарлық жағдайын үнемі қадағалап отыру үшін қажет. Осы мәселе бойынша департамент жергілікті атқарушы органдарға сұрау салған ақпараттық хабарламалар жолдады.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек: egemen.kz.
Фото: wikimapia.org.

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше